«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРДЕ 2 ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫ САЛЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО-да «Ақсоран» және «Баян» вольфрам кен орындарында тау-кен металлургия комбинаттарын салу бойынша екі жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

-Кен орны кеңес заманында анықталды, бірақ олардың ұлттық парктің шекарасына жақын жерде болуы кен орындарының өнеркәсіптік дамуын бастауға мүмкіндік бермеді. Өткен жылы Жер кодексіне және «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Бұл кен орындарын одан әрі игеруге мүмкіндік берді, — деп түсіндірді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Амрин.

Кен орындары Айыртау ауданында, ерекше қорғалатын аймақта орналасқан. Екі жобаны іске асыру бойынша жол карталары әзірленді. Олар өңірдің тау-кен өндіру өнеркәсібін дамытудың негізіне айналып, 137 миллиард теңге инвестиция салынады. Комбинаттарда екі мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp