«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВТЫҢ ҰЛЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Душанбеде өткен велоспорттан Азия біріншілігінде қазақстандықтардың қоржыны 7 медальмен толықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Андер санаты бойынша топтық жарыста Глеб Брусенский бірінші орынға ие болды. Күміс жүлде тағы бір отандасымыз Даниил Пронскийға бұйырды. Ал үшінші орынға олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың ұлы Николас жайғасып, қола медаль еншіледі.

Жасөспірімдер арасында топтық жарыста Алина Спирина екінші орын алды, ал үздік үштікті Дария Қазақбай түйіндеді.

Осы бағдарламада жасөспірімдер арасында Максим Тараскин – күміс, Илья Карабутов қола медальға ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp