«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 31.03.2022

ӨҢІРДЕ ОРМАН ФЕРМАСЫ ҚҰРЫЛМАҚ

Былтыр Манаш Қозыбаев атындағы университеттің доценті Тимур Звереченко суық жақтарда өспейтін жапон ақмиясы, грек жаңғағы, моңғол емені, құрма, талшын, өрік ағаштарының көшетін екті. Ендігі кезекте ол ағаштарды жерсіндіріп, орман фермасын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

ҚАЗАҚСТАНДА ЕЛДІҢ СОЛТҮСТІГІН СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚОРҒАЙТЫН БҰЗЫЛЫҚ СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ

СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов Қазақстанның солтүстігін көктемгі су тасқынынан қорғауға арналған Бұзылық су қоймасы салынатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

115 УЧАСКЕНІ СУ БАСУ ҚАУПІ БАР

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы мамандарының мәліметіне сүйенсек, біздің өңірде су басу қаупі бар 115 учаске бар. Олардың жалпы ұзындығы 89 шақырым, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СӘТТІ ҚАДАМ

Қазақстан футболшылары UEFA Ұлт­тар лигасы аясында Мол­доваға қар­сы қарымта ойын өткізіп, екі матч қорытындысы бойын­ша жеңіске жетті. Осы­лайша жақында ғана ұлттық құрама­ның бас бапкері болып тағайындалған петропавлдық “Қызылжар” клубының жаттықтырушысы Андрей Карповичтің қадамы сәтті басталды.

ҒАБИТ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ

Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың жанынан құрылған “Sаnа” әдеби-музыкалық клубының ұйымдастыруымен “Туған жердің дауысы” атты әдеби кеш өтті. Көркемсөз зергері, жерлесіміз Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы шараның басты арқауына айналды.

Берекеге толы

Рамазан – берекеге толы ай. Әрбір мұсылман үшін ізгі амал­дарды атқа­ру арқылы Жаратушысына жақын­дай түсетін, Раб­бы­сының мейірімін үміт ететін кез. Бұл айда барлық жамандық атаулыдан тыйылып, өмір­ді жаңа парақтан бастауға мүм­кіндік туады.

ЖҰДЫРЫҚ БАЛУАН

Жетпіс жыл бодандықта тілімізден, дінімізден, ділімізден айырылып қала жаздап, тағдырдың жазуымен еліміз егемендік алып, еңсеміз көтеріліп қалды емес пе?! Тәуелсіз мемлекет атандық, бостандықтың дәмін таттық. Соның арқасында біз кімнің ұрпағымыз, ата-бабаларымыз бізге осынша кең байтақ жерді қалай қалдырып кетті деген сұрақтарға жауап іздей бастадық. Елін, жерін қорғау жолында қасық қаны қалғанша күрескен қазақ батырларын, хандары …

ЖҰДЫРЫҚ БАЛУАН Read More »

АҚБЕРЕН АҚЫН

Жуырда редакциямызға ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезектің мейман болып, ұжым мүшелерінің сауалдарына жауап бергенін газетіміздің өткен сандарының бірінде жазған болатынмыз. Сол әңгіменің толық нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Бастауыш – алғашқы баспалдақ

Елордада “Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы” деген тақырыпта өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің съезіне еліміздің өңірлерінен 300-ден астам делегат, сондай-ақ білім басқармаларының мамандары, әдіскерлер, жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, біліктілікті арттыру институтының, білім академиясының мамандары қатысып, бастауыш тәрбие мен оқытуды дамыту бағыттары, бастауыш білім беру педагогтарының кәсіби және жеке тұлғалық өсуі, бастауыш білім беру …

Бастауыш – алғашқы баспалдақ Read More »

Ауырғандардың көбі – балалар

Облыста жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтыру деңгейі бір аптаның ішінде 2,9 есе азайды. Маусым басталғалы ауырғандардың шамамен 70 пайызы – балалар.

Азаптауға жол берілмейді

Облыста 2020 жылмен салыстырғанда былтыр көлікте жасалатын қылмыстар саны 24 пайызға артқан. Ал биыл осы салада 8 іс сотқа жетсе, соның жетеуі – заңсыз есірткі тасымалына қатысты.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ АЯСЫ КЕҢ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жаңғыруға үлкен назар аударды. Жасыратыны жоқ, жергілікті жерлерде бар ауыртпалық ірі шаруашылықтарға түседі. Жолдауда айтылғандай ауылдық округтер мардымсыз бөлінген қаражатты місе тұтады. Облыс орталығы мен Шаховское елді мекені арасындағы 14 шақырым жолды күрделі жөндеу жайы бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе …

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ АЯСЫ КЕҢ Read More »

Даналықтың қайнар көзі

Биыл қазыналы қариялардың басын бір шаңырақ астына біріктіріп отырған Қазақстан ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толады. Еліміздегі қатары қалың қоғамдық бірлестіктің құрылған күніне орай Петропавлдағы Ақан сері атындағы облыстық филармонияда “Ардагерлер – біздің қоғамымыздың мақтанышы” атты мерекелік шара өтті.

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы жиында алты мәселе қаралды. Алдымен №2 жылу-электр орталығындағы апаттық жағдай талқыланды. Бұл кәсіпорын өңірдің 8 ауданын электр қуатымен, ал облыс орталығын жылумен қамтып отыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Ілиясовтың айтуынша, №2 жылу-электр орталығы әбден тозған. Пайызбен өлшейтін болсақ қазандықтар – …

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ Read More »

ҰСТАЗДЫҚ — МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ

Ұстаздық – жауапкершілігі мол, ауыр жұмыс. Тек өз өмірін балаларға арнай алатын жандар ғана мұғалім­дікті таңдайды. “Адамның адамгерші­лігі – жақсы ұстаздан”, – деп ақын Абай айтқандай, балаға білім беріп қана қоймай, тәлім-тәрбие сіңіре білу де маңызды.

Айбынды әскер — ел қорғаны

Биыл Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толады. Осы мерейлі дата қарсаңында өңірімізге Бас штабтың ақпараттық-түсіндіру тобы келіп, қорғаныс ведомствосы өкілдерімен кездесіп, Петропавл қаласындағы оқу орындарының студенттері мен оқушыларға ерлік сабақтарын өткізді. Бұл шараларға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты.