«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Ауырғандардың көбі – балалар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтыру деңгейі бір аптаның ішінде 2,9 есе азайды. Маусым басталғалы ауырғандардың шамамен 70 пайызы – балалар.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңірде 27429 адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырып, дәрігерге қаралған. Бұл оның алдындағы эпидмаусыммен салыстырғанда 21 пайызға артық.

Соңғы бір аптада 171 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Мамандардың айтуынша, жұқпалы инфекцияның беті қайтты. Эпидемиологиялық маусымның осыған дейінгі 11 аптасында өңірде 499 адамға жіті респираторлық вирустық инфекция диагнозы қойылған еді.

“Вирустық инфекциямен негізінен балалар ауырып жатыр. Өткен аптада жұқтырғандардың 68 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. 15-29 жас аралығындағылардың үлесі – 22 адам, бұл 12,8 пайыз, ал суық тигендердің 15,2 пайызы 30-64 жастағылар, яғни, 26 адам ауырған. 65 жастан асқандардың үлесі небары 4 пайыз, 6 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. 15 сырқат ауруханаға жатқызылды”, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Салтанат Бекқожина.

Биыл тұмау жұқтырғандар саны аз емес. Былтыр бір де бір жағдай тіркелмесе, биыл А типті тұмаумен ауырған 35 адам анықталды.

“Тұмаудың алдын алудың ең тиімді тәсілі – екпе салдыру. Вакцинаны дер кезінде қойдыру тұмаудың жеңіл өтуіне сеп, ауру ұзаққа созылмай, асқынбай тез өтеді. Бұдан басқа, әрине, иммунитетті көтеру қажет: дене шынықтырумен айналысып, дұрыс тамақтанған жөн, дәрумен-минералдар кешенін қабылдаған дұрыс”, – дейді Салтанат Бекқожина.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp