«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘТТІ ҚАДАМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан футболшылары UEFA Ұлт­тар лигасы аясында Мол­доваға қар­сы қарымта ойын өткізіп, екі матч қорытындысы бойын­ша жеңіске жетті. Осы­лайша жақында ғана ұлттық құрама­ның бас бапкері болып тағайындалған петропавлдық “Қызылжар” клубының жаттықтырушысы Андрей Карповичтің қадамы сәтті басталды.

Сырт алаңдағы алғашқы ойында Қа­зақстан құрамасы 1:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екінші матчта қалайда есе қайтару үшін молдовандар ойынды ширақ бастап, 13-ші минутта Игорь Армаш есеп ашты. Бұл нәтиже негізгі уақытта да, қосымша таймда да өзгерген жоқ. Осылайша екі ойынның қорытындысы бойынша таразы басы теңесті. Ал 11 метрлік пенальти тебу­ден қазақстандықтардың жолы болып, 5-4 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін ел құрамасы Ұлттар лигасының үшінші дивизионы үшінші тобындағы орнын сақтап қалды. Бұл топтағы қарсыластары – Словакия, Беларусь және Әзірбайжан командалары.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp