«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

115 УЧАСКЕНІ СУ БАСУ ҚАУПІ БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы мамандарының мәліметіне сүйенсек, біздің өңірде су басу қаупі бар 115 учаске бар. Олардың жалпы ұзындығы 89 шақырым, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Онымен қоса, су өткізетін 72 құбыр мен «Жезқазған – Петропавл» автожолының бойындағы Шудасай, «Екатеринбург-Алматы» бағыты бойындағы Шарық, «Көкшетау-Рузаевка» жолындағы Қарамеңді, Рощинское-Корнеевка-Волошинка автожолы бойындағы Қамысты өзендеріндегі 4 көпір мамандардың ұдайы бақылауын талап етеді.

Соңғы айда жасалған инспекциялық тексеру нәтижелері бойынша жол жиегінде қарды шығармағандарға қатысты 20 ескерту жасалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp