«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒАБИТ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың жанынан құрылған “Sаnа” әдеби-музыкалық клубының ұйымдастыруымен “Туған жердің дауысы” атты әдеби кеш өтті. Көркемсөз зергері, жерлесіміз Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы шараның басты арқауына айналды.

Еліміз Тәуелсіздік алып, жаңа дәуір табалдырығынан аттаған ширек ға­сыр­дан астам уақыт аясында Ғабит Мү­сіреповтің көптомдық шығармалар жинағының 3 томы (“Жазушы”, 2002), эксклюзивті “Таңдамалы шығарма­лары” (90 баспа табақ, 1150 бет, 200-ден аса фото-суреттермен, “ҚазАқпа­рат”, 2012), “Ұлпан” романының “Жа­зу­­шы” (2002), “Раритет” (2003), “Ау­дар­ма” (2010), “Ан-арыс” (2009), “ҚазАқ­парат” (2012) жарық көрді. Осы және өзге де ақпараттарға қанық­тырған күйші Серікбай Құсайынов “Күй – құдірет, күй – өмір” атты кітабындағы “Ғабеңнің батасы” атты мақаласының тарихы туралы айтып берді.

Жазушының келіні Бикен Серәлі­қызының қаламгердің адамгершілік қырлары туралы айтқан әсерлі әңгімесін жиналғандар ұйып тыңдады. Тіл жанашыры Зейнеп Тәнібаеваның, ақын Аманжол Зағыпардың ойлары да шараның мазмұнын арттыра түсті.

Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Же­ңіс Тасболатов “Ұлпан” романынан, оқушы Әскер Бекзат “Қазақ солдатынан” үзінді оқыды.

Шараға қатысқан басқа да қонақтар Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы мен өмір жолы, жазушының бірегей қасиеттері туралы айтты.

– Қазақтың көрнекті қаламгері Ға­бит Мүсірепов туған тіліміздің нағыз жа­нашыры болған. Ол өз заманында тіл туралы көптеген мақалалар жазып, баяндамалар жасап, мінберлерде сөз сөйледі. “Көңілде жүрген көп ой бар” деген мақаласында Ғабең өскелең ұр­пақтың қазақ тіліне деген бүгінгі талап-тілегі туралы ой қозғайды, – дейді кі­тапхана қызметкері Алтынай Сызды­қова.

Әдеби кеш “Ғабит жаққан бір сәуле” атты автордың шығармалары орна­ласқан кітап көрмесімен жалғасты.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp