«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 5, 2022

“МУЗЫКАНТТАР ҚАЛЖЫҢДАЙДЫ”

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қай­раткері, “Құрмет” орденінің иегері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен эстрадалық-симфониялық оркестрдің “Музыканттар қалжындайды” атты концерті өтті.

Уақыттың қадірі

Адам баласының көбі уақыттың қадірін біле бермейді. Алайда біз уақыт өлшеулі екенін, яғни, басы бар және аяқталатынын ұмытпағанымыз абзал. Уақыт – барлық нәрседен қымбат, өйткені уақыт ол бізге Ал­ланың берген ұлы нығметтерінің бірі. Бізге берілген уақыт – ол біздің өміріміз. Құранда уақыт туралы түсірген аяттар бар. Бұл аяттар уа­қыттың қадір-қасиетін терең түсінуге, оны бағалай білуге, …

Уақыттың қадірі Read More »

Өздеріне мәртебе санайды-мыс

Темір жол вокзалына қонақ қарсы алуға бардым. Пойыз келмепті. Вок­залдағы жағалай қойылған орындық­қа жайғастым. Күтіп алушылар да, жолаушылар да көп. Бір сөзбен, ығы-жығы адам. Пойыз келгені хабар­ланған соң қажет вагонға қарай жа­қын­дадым. Қасымдағы жігіт те біреуді күтіп алуға келген сияқты, әлсін-әлсін вагондардың нөміріне қарап қояды. Ұзын бойлы, мес қарындау, қымбат киін­ген бір кісі шірене басып …

Өздеріне мәртебе санайды-мыс Read More »

ЖЕҢІС – ТӨККЕН ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Ұландарымыз әлемдік деңгейдегі додаларда атой салса, төбеміз көкке жеткендей қуанамыз. Жамбыл ауданына қарасты Орталық ауылының тумасы, грек-рим күресінің шебері Аманғали Бекболатов қай жарысқа қатыспасын, жанкүйерлерін жерге қаратқан кезі жоқ. Жақында еліміздің үш дүркін чемпионы, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазымен жолығып, сұхбаттасқан едік.

ШАРАПАТ

(Алғашқы саны 1920 жылы шыққан “Ленин туы” газетінің 60 жылдығына) Әдебиетке құмарлық бар да, сол құмарлықты шын талантқа айналды­ру жолы бір бөлек. Бабы табылмаған талант – қабілет қанатсыз құс секілді. Қияға самғамақ түгіл, бауырын жазып жерден көтеріле де алмайды.

ЕЛІМІЗДЕ МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ветеринария саласындағы мамандардың еңбек ақысын көтеру бойынша бірнеше шешім ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ШАҺАР КӨРКІ – ЖАС КӨШЕТТЕР

Биыл облыс орталығының көшелерін көгалдандыруға 50 млн. теңге жұмсалады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың 12-ші сессиясында айтылды.

Мәслихат – ықпалды күш

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырудың іргелі міндеттерін белгілеп, алда тұрған стартегиялық мақсаттарымызды егжей-тегжейлі анықтап берді. Ауқымды бастамалар еліміздің саяси жүйесін түбегейлі өзгертуге бағытталған. Тәуелсіздік жылдары небір “тар жол, тайғақ кешу” өткелдер мен асулардан аман өтсек те, бұл кезең алмағайып уақытпен тұспа-тұс келіп отыр. Тымық күнде ала …

Мәслихат – ықпалды күш Read More »

ТӘУЛІК БОЙЫ БАҚЫЛАУДА

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде “Өңірлерде су тасқыны кезеңінің өтуі мен ауа райының нашарлануына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы” брифинг өтті. Оған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысты. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Рамиль Камалов баспасөз конференциясына онлайн қосылып, өңірдегі жағдай туралы баяндады.

ЖАСТАРҒА ДЕГЕН СЕНІМ ЗОР

Қазақстанның егемендік алғаннан бергі даму жолына көз жүгіртсек, табыс кілті тиімді мемлекеттік басқарумен тығыз сабақтас екенін көреміз. Уақыт алға жылжыған сайын жаңа сын-тегеуріндер алдан шығатыны анық. Соған сай мемлекеттік қызметті түрлендірудің негізгі шарты – жоғары стандарттарға сәйкес келетін құзырет пен кадр әлеуетіне келіп тіреледі. Ата заңымызда барлық азаматтарға мемлекеттік қызметке тең қолжетімділікке кепілдік берілген.

ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында “Мейірімділік пен достық керуені” атты іс-шара өтті. Жоба АҚШ пен Қазақстан арасындағы екі жақты қарым-қатынастың 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

ЕСКІ ҮЙ ОРНЫНА — ЖАҢА БАСПАНА

Биыл облыс орталығында жергілікті бюджет қаржысына 10 көппәтерлі тұрғын үйді салу жоспарланып отыр. Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметінше, оның 9-ы Копай шағынауданында тұрғызылатын болады.

Кішкентай оқырмандар

Ғабит Мүсірепов атындағы облыс­тық балалар мен жасөспірімдер кі­тапханасында Халықаралық бала­лар кітабы күніне орай кітап апта­лығы ашылды.

Жеткіншектердің жаны жадырады

2 сәуір – Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні. Осы­ған орай облыс орталығында ерекше балаларға арналған концерт өтті. Шараны “Менің балам” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.