Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен эстрадалық-симфониялық оркестрдің “Музыканттар қалжындайды” атты концерті өтті.
Концерттік кеште Джоаккино Россинидің “Дуэт кошек”, Даниэль Обердің “Взрыв смеха”, Иоганн Штраустың “Полька на “Охоте”, Сыдық Мұхамеджановтың “Айсұлу” операсынан Серкенің каватинасы, Лерой Андерсонның “Наждачная бумага”, “Концерт для печатной машинки”, Чарльз Чаплиннің “Little man”, Александр Зацепиннің “Тақиялы періште”, Евгений Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсынан Шегенің каватинасы және тағы да басқа попуррилер орындалды.
– Әсем әндер тыңдап, құлағымыздың құрышын қандырдық. Жергілікті әртістердің өнері келген қонақтардың көңілін көтермей қоймайды. Концертке туыстарымды да ертіп келдім. Бәрімізге де ұнады, өте жоғары деңгейде өтті, – дейді қала тұрғыны Сәуле Жолдаяқова.
Филармония солистері Біржан Есжан, Асхат Таушев, Руслан Мұстафин, Любовь Зоринаның шырқаған әндері өнерсүйер қауымның жүрегіне жол тартты.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.