«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛІМІЗДЕ МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ветеринария саласындағы мамандардың еңбек ақысын көтеру бойынша бірнеше шешім ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, аграрлық секторда ең төменгі жалақы ветеринарлық дәрігерлерде.

-Ветеринарлық секторда жас, білікті кадрлар жетіспейді. Аудандық ветеринариялық станциялардағы жоғары білімді дәрігердің орташа жалақысы барлық аударымдарды шегермей 98 мыңнан 206 мың теңгеге дейін, зертхана қызметкерлерінің орташа жалақысы 125 мыңнан 174 мың теңгеге дейін, — дейді Ербол Қарашөкеев.

Сондықтан, ауыл шаруашылығы министрі мамандардың жалақысын көтеру үшін бірнеше шешім ұсынды:

— жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық іс-шараларды жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қайта қарау;

— ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметке жатқызылған ақылы қызмет түрлерінің көлемін ұлғайту;

— I және II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыратын азаматтық қызметші болып табылмайтын мемлекеттік кәсіпорындардың мамандары мен қосалқы персоналына еңбекақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту;

— «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейтін ұйымдардың, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына толықтырулар енгізу;

— бір ветеринарға жүктеменің бірыңғай нормасын бекіту.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp