«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МУЗЫКАНТТАР ҚАЛЖЫҢДАЙДЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қай­раткері, “Құрмет” орденінің иегері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен эстрадалық-симфониялық оркестрдің “Музыканттар қалжындайды” атты концерті өтті.

Концерттік кеште Джоаккино Рос­си­ни­дің “Дуэт кошек”, Даниэль Обердің “Взрыв смеха”, Иоганн Штраус­тың “Полька на “Охоте”, Сыдық Мұхамед­жа­новтың “Айсұлу” операсы­нан Сер­ке­нің каватинасы, Лерой Андерсон­ның “Наждачная бумага”, “Кон­церт для печатной машинки”, Чарльз Чап­лин­нің “Little man”, Алек­сандр Заце­пиннің “Тақиялы періш­те”, Евгений Брусиловскийдің “Қыз Жібек” опера­сынан Шегенің кавати­насы және тағы да басқа попуррилер орындалды.

– Әсем әндер тыңдап, құлағымыз­дың құрышын қандырдық. Жергілікті әртістердің өнері келген қонақтардың көңілін көтермей қоймайды. Концерт­ке туыстарымды да ертіп келдім. Бә­рімізге де ұнады, өте жоғары деңгейде өтті, – дейді қала тұрғыны Сәу­ле Жолдаяқова.

Филармония солистері Біржан Ес­жан, Асхат Таушев, Руслан Мұстафин, Любовь Зоринаның шырқаған әндері өнерсүйер қауымның жүрегіне жол тартты.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp