«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҺАР КӨРКІ – ЖАС КӨШЕТТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл облыс орталығының көшелерін көгалдандыруға 50 млн. теңге жұмсалады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың 12-ші сессиясында айтылды.

Жергілікті халық қалаулылары­ның қатысуымен өткен жиында бір­неше сұрақ қаралды. Оның бірі – ша­һарды көгалдандыру мәселесі. Белгілі болғандай, Петропавлда үс­ті­міздегі жылы 486 терек пен шетен көшеттері, саябақтарда 600 метр бұталы қоршаулар отырғызылады. Бұл жұмыстарға коммуналдық кәсіпорындар алдағы уақытта кірісетін болады. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі­нің басшысы Жасұлан Байқанов­тың айтуынша, жаңғырту жұмыста­ры шаһардың саябақтары мен Брусиловский, Жұмабаев, Пушкин көшелерінде жүргізіледі. Бұл мақсатқа 10 млн. теңге қарастырылып отыр.

– Алтынсарин көшесіндегі саябақты қалпына келтіруге 25 млн. теңге бөлінді. Бұл жердің жолы жөн­деліп, ағаш орындықтар орнатылады, – деді Жасұлан Байқанов.

Бұған қоса биыл Брусиловский мен Булавский көшелеріндегі 3 гүлзардың құрылысы аяқталып, халық игілігіне тапсырылады. Волочаев кө­шесінде ашық және Бөкетов көшесі бойына жабық суағарлар салына­ды. Мұндай жұмыстар былтыр Ойқала, Жұмысшы кенттері мен вокзал маңы алаңында тындырылғанын атап өткен жөн. Олардың жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрап отыр. Қала әкімдігі мамандарының мәліметінше, бұл шағынаудандарда шамамен 25 мың адам тұрады.

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары да талқыланды. Мә­селен, 50 млн. теңгеге балаларға арналған 10 ойын алаңқайы ор­натылады. Былтыр олардың 60 да­насы 125 баспананың ауласында қойылды. Сондай-ақ “Береке” шағынауданындағы Ыбыраев, Ухабов және Досмұхамбетов көшеле­ріндегі тас жиектері ауыстырылады.

 
Аманжол НҰРТАЗИН,

 

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp