Тестілеу онлайн форматта өткізілуде. Солтүстікте білім байқауына қатысуға 5 мыңнан астам оқушы ниет білдірген.
“Мың бала” жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан мың дарынды баланы анықтауға арналған. Бұл оларға еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.
Бірінші кезең баланың танымдық ойлау деңгейін айқындауға бағытталған тесттерді қамтиды. Кешенді тестілеу “логикалық ойлау” және “кеңістік ойлау” бөлімдерінен тұрады.
– Биыл қатысуға өтінімдер қабылдау 19 ақпан мен 31 наурыз аралығында өтті. Солтүстік Қазақстан облысы тіркелген талапкерлердің саны бойынша бірінші орында. Яғни, 5770 оқушы қатысуға ниет білдірген. Олимпиадаға кіру сағат 9:00-ден бастап 24:00-ге дейін ашық болады, – дейді білім берудің әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары Қуаныш Белгібай.
Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ.