«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 7, 2022

Тәркіленген мүлік иесін тапты

Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемле­кет меншігіне түскен мүліктерді есеп­ке алып, сақтап, бағалап, оны әрі қа­рай қолдану бойынша жұмыстар жүр­гізеді. Мемлекет есебіне түскен мүлік­тер қатарына мыналар жатады: тәр­кіленген мүліктер, заттық дәлелдеме­лер, табылған сыйлықтар және мем­ле­кет меншігіне өткен иесіз мүліктер.

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖАЙЛЫ ШЕТЕЛДЕГІ ДЕРЕКТЕР

Қазіргі таңда отандық тарихшылар алдына архивтік және жазбаша деректерден қазақ халқының өткен тарихын іздеу, жаңаша пайымдау міндеттері қойылып отыр. Биыл Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетіне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология инс­титутының қызметкерлері деректану саласында үлкен жұмыс атқарды. 2022 жылдың ақпан айының соңы мен наурыз айының басында Таш­кент қаласына жасаған сапарымыз сәтті аяқталды.

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР 17 КГ-НАН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕДІ

Қаңтар айынан бері өңірде заңсыз есірткі айналымының 55 фактісі анықталды. Оның 21-і зиянды заттарды сатуға қатысты. Есірткіні заңсыз жарнамалап, насихаттаудың 3 фактісі тіркелді. Құқық бұзушылықтар бойынша 41 қылмыстық іс  сотқа жіберілді, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ПЕТРОПАВЛДА 2-ЖЭО-ЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДІҢ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов «Севказэнерго» 2-ЖЭО-дағы жағдайды қалпына келтіру және келесі жылыту маусымының ойдағыдай өтуі үшін іс-шаралар жоспары әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ГАЗ БАҒАСЫ 11,7%-ҒА ӨСТІ

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, Қазақстанның 14 облысында табиғи газ қымбаттаған. Орташа есеппен алғанда бір жылда елімізде газ құны 5,4% — ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының қабырғасынан талай дарынды жас шыңдалып шықты. Ашылғаннан бергі аз уақытта қалың көрермен бірнеше буын актерлердің өнерін тамашалап үлгерді. Соңғы уақытта театр құрамы талантты жастармен толығып, олар қазірдің өзінде басты рөльдерді сәтті сомдауда. Солардың бірі – жас әртіс Нұрсұлтан Төлебаев. Өнерпаз жақында халықаралық театр күніне орай өткен “Алтын сақа – …

КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ Read More »

Жастар неге кітап оқымайды?

Қазіргі жастар кітап бетін ашудан қалып бара жатыр. Оқығанның өзінде көркем шығармалардан гөрі мотивациялық, психологиялық әдебиеттерге немесе жұлдыздардың өмірі жайлы мемуарларға әуес. Әлемдік классика, одан қалды, қазақ әдебиетінің жауһарларына жатырқай қарайтын сыңайлы. Кітап оқымағаннан ойын толық жеткізе алмайтын тілі шорқақ оқушылар пайда болуда. Жастардың оқуға деген қызығушылығы неліктен төмендеп кеткенін сұрастырып көрген едік.

АУЫЛ — ШЫҢДАЛУ МЕКТЕБІ

“Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан”, – деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім берген білім мен тәрбие – оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, өмірлік азық алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақта бағытынан таймасы анық. Осы жолда еңбек етіп жүрген жас мұғалім Жансая Қасеннің айтуынша ұрпақ болашағы, еліміздің ертеңі қазіргі ұстаздардың қолында.

Қауіпті “ойыншық”

Компьютерлік ойындардың зияны туралы айтылып та, жазылып та жүр. Соған қарамастан балалардың әуестіктері артпаса, кемитін түрі байқалмайды. Дәрігерлердің пікірлеріне жүгінетін болсақ, компьютерлік ойындар баланың көз жанарын солдырып, санасын ашықтан-ашық улап жатыр. Ертеден қара кешке дейін экранға қарап тапжылмай отыру ой-өрісінің дамуын шектеп, мінез-құлқына да кері әсер етеді екен.

“Қызылжардың қонақжайлылығына тәнтімін”

Ата-бабамыз “Жер жәннаты – Жетісу” деп асқақтатқан киелі мекен, қасиетті топырақта дүниеге келіп, бала жастан халық әндерімен сусындап өскен, бүгінде халқымыздың ән өнерінің насихатшысы болып жүрген, Әлихан Бөкейханов атындағы алтын медальдің иегері Рамазан Стамғазиевтың шығармашылығы жайында сөз еткенде “Бабалар”, “Қапездің қоштасуы”, “Дариға-дәурен”, “Қаракөз”, “Қоңыр қаз” сияқты көптеген әндері ойға оралады. Қасиетті қара домбырамен бабалар үнін …

“Қызылжардың қонақжайлылығына тәнтімін” Read More »

Электронды билет енгізіледі

Қоғамдық көлік тасымалы­ның сапасын жақсарту үшін облыс орталығына 100 жаңа автобус сатып алынып, автопарк 58 пайызға жаңарған болатын. Қоғамдық көліктерге “ALEMPAY” электрондық тө­лем жүйесі және сараланған та­риф енгізіліп, жол жүру құны ере­сектер үшін – 80 теңгені, балаларға (7 жастан 15 жасқа дейін) 40 теңгені құрады.

Тасқын тасжолға қауіпті

Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары өңірде қарқын алды. Баспасөз туры барысында “Қазав­тожол” ҰК” АҚ-ның жергілікті бөлімшесі басшысының орынбасары Жанат Өсербаев пен “Қазақавтожол” ЖШС-ның облыстық филиалының жетекшісі Игорь Суровцев жолдарды қарғын судан қорғау шаралары жайлы айтып берді. Бұл қос мекеме бір­лесіп, республикалық маңызы бар жолдар бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеген.

САЙЛАУШЫЛАР ТІЛЕГІ – БАСТЫ БАҒДАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында атап көрсеткендей, жергілікті өзін-өзі басқарудың мықты жүйесі азаматтардың өзі тұратын жердегі тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей қатысуына негіз қалайды. Бұны халық қалаулылары жақсы түсінеді. Депутаттар өз округіндегі сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары және ұйымдар қызметкерлерімен кездесулер мен жиналыстар өткізуге, мәслихаттың құзыретіне енетін мәселелер бойынша есептер тыңдауға, әкімдік …

САЙЛАУШЫЛАР ТІЛЕГІ – БАСТЫ БАҒДАР Read More »

КӨЛІК ИЕЛЕРІ КЕЗЕКТЕН ҚҰТЫЛДЫ

Ірі қалаларда шағын кәсіпкерлік нысанының бірі ашылып, екіншісі жабылып жатады ғой. Оған көпшілік аса мән бере бермейді. Ал аудан орталықтары мен ауылдарда кез келген нысанның ашылуы тұрғындар үшін үлкен жаңалық. Мәселен, Мамлют ауданының орталығында осыған дейін жалғыз көлік жуатын орын жұмыс істеп келген. Жауын-шашын күндері жұрт “темір тұлпарларын” жуу үшін сағаттап кезекке тұратын. Жақында З.Космодемьянская …

КӨЛІК ИЕЛЕРІ КЕЗЕКТЕН ҚҰТЫЛДЫ Read More »

СУ ДЕҢГЕЙІ ҒАРЫШТАН БАҚЫЛАНАДЫ

Облыс аумағында күннің күрт жылынуынан қар қарқынды еріп, өзен-көлдерде су деңгейі көтеріле бастады. Қазіргі уақытта су басу қаупі бар 3 ауданға құтқарушылардың жедел жасағы жетті, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мамандар облыстағы су тасқынына қатысты жағдайға тоқталды. “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалы директорының орынбасары Наталья Левинаның айтуынша, облыс аумағының шамамен …

СУ ДЕҢГЕЙІ ҒАРЫШТАН БАҚЫЛАНАДЫ Read More »