«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Электронды билет енгізіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамдық көлік тасымалы­ның сапасын жақсарту үшін облыс орталығына 100 жаңа автобус сатып алынып, автопарк 58 пайызға жаңарған болатын. Қоғамдық көліктерге “ALEMPAY” электрондық тө­лем жүйесі және сараланған та­риф енгізіліп, жол жүру құны ере­сектер үшін – 80 теңгені, балаларға (7 жастан 15 жасқа дейін) 40 теңгені құрады.

Электрондық жүйенің артықшылықтары көп болғандықтан жергілікті билік 1 мамырдан бастап оны саяжайларға қатынайтын автобустар­ға да енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жүйе қалалық қоғамдық көліктердегі жолаушылар ағы­нын нақты анықтауға мүмкіндік берді. Мәселен, 2020 жылы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін 4,6 млн. адамға қызмет көрсетілді деген ақпарат берілсе, 2021 жылы бұл көрсет­кіш 9,3 млн. адам екені нақтыланды, яғни, көрсеткіш 2 есеге дейін ұлғайды.

Жақында қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін қосымша 100 автобусқа валидаторлар орнату жоспарланған.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp