«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР 17 КГ-НАН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаңтар айынан бері өңірде заңсыз есірткі айналымының 55 фактісі анықталды. Оның 21-і зиянды заттарды сатуға қатысты. Есірткіні заңсыз жарнамалап, насихаттаудың 3 фактісі тіркелді. Құқық бұзушылықтар бойынша 41 қылмыстық іс  сотқа жіберілді, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Есірткіге елтіп көлік тізгініне отыратындар да жоқ емес. Мәселен, наурыздың соныңда Интернациональная көшесінде 32 жастағы азамат жолда жүру ережесін бұзған. Автокөлік жүргізушісінің есірткі қолданғаны белгілі болды. Бұл әрекеті үшін петропавлдыққа сотпен әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

-Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында «нашақор» диагнозымен 549 адам есепте тұр. Оның 38-сі әйел және 3-уі жасөспірім. Жедел жәрдем дозаны асыра пайдаланғандарды емдеу орындарына 35 рет жеткізген,– деп хабарлайды СҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Жалпы жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 17 килограмнан астам есірткі тәркіленді. Оның 1 килограмнан астамы — синтетикалық зат.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp