«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тәркіленген мүлік иесін тапты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемле­кет меншігіне түскен мүліктерді есеп­ке алып, сақтап, бағалап, оны әрі қа­рай қолдану бойынша жұмыстар жүр­гізеді. Мемлекет есебіне түскен мүлік­тер қатарына мыналар жатады: тәр­кіленген мүліктер, заттық дәлелдеме­лер, табылған сыйлықтар және мем­ле­кет меншігіне өткен иесіз мүліктер.

Мемлекет есебіне түскен барлық мү­ліктер арнайы есептемеге салы­нып, www.gosreestr.kz веб-порталы жүйесі арқылы мемлекеттік және әлеу­меттік ұйымдарға ұсынылады. Егер қандай да бір ұйым өз есебіне ал­маса, ол мүліктер жалпы сатылым­ға қойылады. Мемлекеттік және әлеу­меттік ұйымдарға мына тізімдегі мү­лік­тер ұсынылмайды: бағалы қағаз­дар, бағалы темір, өңделмеген мұнай, мал мен мал өнімдері, арақ-шарап өнімдері, темекі және темекі өнімдері, ұялы телефондар, төлем терминал­да­ры, ойын автоматтары, ойын құ­рал­дары және казино жабдықтары. Ті­зімге енгізілген мүліктер сатылымға бірден шығарылады.

Мемлекеттік мекемелердің теңге­ріміне мүлік мына кездерде тапсы­ры­лып тіркеледі: мүлікті қабылдаушы мем­лекеттік мекеме және әлеуметтік ұйымдар өздерінің орнатылған штат­тық санына қарай және қабылдаған мүлікті ұстауға қаражат жағынан сәй­кес келуі қажет, яғни, мекемеде мүлік­тің саны орнатылған санынан аспауы керек (бұл талаптар тек қана қозғал­майтын мүлік пен автокөліктерге ғана қатысты). Қабылдаған мүлікті күтіп-ұстауға шығын бюджет есебінен өте­ле­ді. Мүлікті тапсыру және тіркеу мем­лекеттік және әлеуметтік ұйымдар­дың электрондық арызы бойынша жүргізіледі, веб-портал тізіміндегі мүлікті қабылдау үшін арызбен бірге тиісті мекемеден қажетті мүліктің са­ны және қажеттілікті растайтын қоры­тынды құжат керек, қорытынды элек­тронды жүктелген көшірме болуы шарт. Айтылған қорытындыда эко­номикалық қажеттілік және әлеумет­тік ұйымдар қандай мақсатта қолда­натыны көрсетіледі.

Департамент мемлекеттік меке­ме­лерге ұсынған мүлік бойынша веб-порталда қатысушыларға мәлімет үшін хабарлама қалдырады. Арыз қа­былдау аяқталғаннан кейін хабарла­ма­да көрсетілген уақытта қабылдан­ған арыздар белгілі болады және ол арыз­дарды арнайы комиссия қарас­ты­рып, қойылған талапқа сәйкестігін тексереді. Комиссия мүшелері дауыс беріп, жеңген мемлекеттік мекемені не­месе әлеуметтік ұйымды анықта­ған­нан кейін комиссия хатшысы қо­рытынды хаттама толтырып, комис­сия мүшелеріне қол қоюға жібереді. Комиссия мүшелері әр қабылданған арызға дауысты жеке-жеке береді. Одан соң хатшының шешімге қатысты толтырылған хаттама арыз берген барлық мемлекеттік мекемелерге және әлеуметтік ұйымдарға бірден танысуға жіберіледі. Мүлікті алуға бірнеше мемлекеттік мекемелерден арыз түскен жағдайда, бірінші болып берген мемлекеттік мекеменің арызы басымдыққа ие болады. Мүлік меке­ме арызында көрсеткен саннан асып кетсе, артық мүлік келесі арыз берген мемлекеттік мекемеге тапсырылады. Комиссия мүшелері оң шешім қабыл­даса, мүлік тапсыру-қабылдау актісі­не сәйкес тапсырылады. Мемлекеттік мекемелерде мүлікті қабылдауға арыз бен күтіп ұстауға шығындар қарастырылмаса, онда ол мүліктер әрі қарай жалпы электронды саты­лымға шығарылады.

2020 жылы мемлекеттік занды тұл­ғаларға 2 әкімшілік ғимарат, 3 авто­көлік кұралы, 8 синтетикалық қорға­ныш костюмі, 400 қолғап бекітілді, 156,78 литр медициналык спирт, 32,7 тон­на битум, 2290 литр дизель оты­ны, 600 литр бензин тапсырылды. Бе­ріл­ген мүліктердің жалпы сомасы – 246261611 теңге. 2021 жылғы көр­сет­кіш – 1 автокөлік құралы, құрамында спирт бар 45923 литр өнім, жалпы со­масы – 92011949 теңге. 2022 жылдың 1 тоқсаны бойынша 10297143 теңге бо­латын 11 автокөлік құралы тапсы­рылды.

Дулат ҚОЖАНОВ,

облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс істеу бөлімінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp