«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАНДА ДИІРМЕНДЕР БИДАЙДЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТУҒА МӘЖБҮР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандық диірменшілерді астық тапшылығы мен өнім бағасының қымбаттауы алаңдатып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бір тонна бидайдың бағасы 160 мың теңгеге жетті. Әрі отандық нарықта астық тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан еліміздегі диірмендердің жартысынан көбі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.

-2-3 аптадан бері бидай сатып ала алмай отырмыз. Бір тоннасы үшін 142 мың теңге ұсынғанда сатпады, баға 150 мың теңге болса да, ешкім астық ұсынбады, қазір 160 мың теңгеге жетті, бәрібір сатып жатқан жоқ. Егер бидайды 160 мың теңгеден сатып алсақ, оны жеткізуге тағы 8 мың теңге жұмсалады да, нәтижесінде оның диірмендегі құны 168 мың теңге болады. Шикізат бағасы осындай болса, онда ұнның өзіндік құны 224 мың теңгеге жетеді. Ал біз оны сәйкесінше 235 мың теңгеден сатамыз. Яғни ұн қатты қымбаттайтынын ескеру қажет. Баға амалсыздан өсіп отыр, себебі шикізат өзіндік құнның 85%-ін құрайды,-деді бидай өңдеушілер   одағының вице-президенті Талғатбек Әлихан.

Бұған дейін Ресейден  арзанға  бидай жеткізіліп отырды. Сол себепті, баға тұрақты еді. Енді Ресей өз бидайын экспорттауға толық тыйым салған шақта диірмендер жұмысын  тоқтатуда.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp