«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘКІМДІК ӨКІЛДЕРІ БӨКЕТОВ КӨШЕСІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАШАН ҚОЛҒА АЛЫНАТЫНЫН АЙТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық әкімдігінің аппарат кеңесінде Ikomek-109 ситуациялық орталығының басшысы азаматтардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көктем келісімен петропавлдықтардан қала жолдарының жағдайы туралы шағымдар жиі түседі. Жүргізушілер әсіресе Бөкетов көшесіндегі жолдың жағдайына шағымданады. Тұрғын үй комуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы жобаның екі жылға жоспарланғанын атап өтті. Дегенмен, қала әкімі жолды қалпына келтіру бойынша негізгі жұмыстарды жүргізгенге дейін ұсақ тас төсеуді тапсырды. Арықтар салу бойынша жұмыстар жыл соңында аяқталғанына байланысты қалпына келтіру жұмыстарын ағымдағы жылға ауыстыруға тура келді. Сәуірдің екінші онкүндігінде жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр. Болат Жұмабеков бөлім басшысына бұл мәселені қысқа мерзімде шешуді, мердігер компанияға уақытша жұмысқа кірісуді тапсырды.

Биылғы 25 наурыз бен 8 сәуір аралығында ситуациялық орталыққа барлығы 3 476 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 3122 өтініш орындалды.

Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp