«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сергеев су қоймасы 92% — ға толды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО өзендерінде мұз әлі еріп жатыр. Кейбір көлдерде енді ғана жібіп, қозғала бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, Крещенка ауылының маңында Есілдің жағасында әлі мұз тұр. Тоқсан би ауылының жанында су деңгейі өткен тәулікте 46 см-ге түсті. Үлкен Торанғұл өзенінде су деңгейі өзгеріссіз, 310 см-ді құрайды. Долматова ауылының қасындағы гидробекетте су 9 см-ге төмендеп, 501 см-ді көрсетіп тұр.

Петропавлда 2 см-ге төмендеді. Жалпы, облыс бойынша өзендердегі су бір тәулікте 10 см-ге дейін түсті. Сергеев су қоймасында тәулігіне 41 см-ге көтеріліп, 750 –ге жетті. Қоймадағы су көлемі 636 млн текше метрді құрап, 92% — ға толды. Қазіргі күні мұнда секундына 13,4 текше метр су ағып жатыр.

Су деңгейі мен мұздың бұзылуын 19 гидробекетте бақылап отыр. Оның 16-сы Есіл өзенінде.

Фото: world-nan.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp