«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 19, 2022

“Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек”

Халықтың тарихы мен тағдырын, ата жолы мен дәстүрін зерделілікпен қабылдап, көрегендікпен ой түйген ақы­лы мен тәжірибесі телегей дана бабаларымыз “қилы-қилы заман бо­лып, қарағай басын шортан шалып, жайқалған көк егінді көк шегіртке орып, өзен-көл, теңізді су аяғы құр­дым жұтып, тілеулестер азайып, бір-бірімен қас болысып, кәрілер жас болғансып, қара көже ас болып, жү­рек біткен тас болып, асықтай …

“Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек” Read More »

«Қолжетімді спорт» жобасы бастау алды

СҚО-да  «Қолжетімді спорт» республикалық жобасы  жүзеге асырыла  басталды. Оның аясында облыс орталығының тұрғындары қаланың бірнеше алаңында 5  спорт түрі бойынша кәсіби нұсқаушылармен бірге тегін жаттыға алады, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

«Отбасы банк» пәтер жалдап тұратын қазақстандықтарға субсидияға өтініш беру шарттарын жариялады

«Отбасы банк» жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінім қабылдайтын платформа іске қосылғанын хабарлады. Банк мәліметінше, жоба биылғы мамыр айынан бастап қолжетімді болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ЕГІСКЕ ДАЙЫНДЫҚ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ

Мамлют ауданының диқандары көктемгі егіс жұмыстарына қызу дайындық үстінде. Егіс науқанын уақытылы әрі сапалы жүргізу – мол өнім алудың кепілі. Биыл мамлюттіктер 164,5 мың гектар жерге дән себуді көздеп отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар 117,6 мың, майлы дақылдар 38,5 мың, мал азығы 13,9 мың гектар алқапқа себілмекші. Ал картоп пен көкөністі 1,2 мың гектарға егу …

ЕГІСКЕ ДАЙЫНДЫҚ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ Read More »

КҮРЕСКЕР ЖАЗУШЫ

Қаламының қуатымен артына теңдессіз шығармашылық мұра қал­дырған халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, “Отан” орденінің иегері, Петропавл қаласының құрметті азаматы Сафуан Шәймерденовтің 100 жылдық мерейтойы облыс аумағын­да кең көлемде атап өтілді. Сондай игі шаралардың бірі жазушы­ның есімін иеленген қалалық классикалық гимназияда ұйымдастырылды.

ТІС АУРУЫ КӨБЕЙІП КЕТТІ

Тіс – адамның көркі, саулықтың белгісі. Жеген асың ағзаға сіңімді болуы үшін маңызды рөл атқарады. Алайда соңғы кезде тіс жегісімен ауыратындар көбейіп, тіпті жас талғамайтын болды, балалар да екі күннің бірінде стоматологияға баруға мәжбүр. Білікті стоматолог-ортопед Светлана Құрмашеваны әңгімеге тартып, тіс ауруларының көбейіп кету себебін сұраған едік.

Тігіншіліктің тілін түсінген

Тігіншілікті өнер десе де, кәсіп десе де болады. Ол икемді болуды ға­на емес, үлкен төзімділікті де талап етеді. Айналысатын ісіңді жан-тә­ніңмен сүйгенде ғана оның қыры мен сырын толық меңгеріп шыға­сың. Ал бұл кәсіпті бір игеріп алсаңыз, сізді табыссыз қалдырмайды. Қазір кәсіпқой ісмерлердің қол еңбегі жоғары бағаланады. Мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар …

Тігіншіліктің тілін түсінген Read More »

Ауыл медицинасына — айрықша назар

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келгенін газетіміздің өткен санында жазғанбыз. Министр сапарының екінші күні Петропавл қаласындағы Жастар сарайында өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Ол ведомствоның 2021 жылғы жұмысының қорытындылары туралы айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда жүктеген міндеттерін орындау барысын баяндады.

Қаладағы ескерткіштер қашан жөнделеді?

Жеңіс саябағы – Петропавлдағы ең көрікті жерлердің бірі. Онда серуендеп қана қоймай, отбасыңызбен Есіл өзенінің жағалауын тамашалауға, ал қыста сноуборд теуіп, аққала соғуға болады. Зәулім арка мен шамдар, әдемі орындықтар – бәрі де қала тұрғындары мен қонақтарының иглігі үшін жасалған.

ҚАЛА ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Демалыс күндері облысқа жұмыс сапарымен еліміздің Энергетика министрі Болат Ақшолақов келді. Ведомство басшысы облыс әкімімен бірге Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығына барып, жартылай опырылып құлаған мұржаны жаңарту мәселесін пысықтады. “Севказэнерго” акционерлік қоғамы өкілдерінің қатысуымен өткен шұғыл кеңеске қатысты.

УӘДЕ ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Шал ақын ауданына жұмыс сапары Жаңажол ауылдық округі тұрғындарымен кездесуден басталды. “Президенттің Жарлығына сәйкес елді мекендерді аралап, тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелермен жіті танысып, тиісті шешімдер қабылдап жатырмыз. Кездесулерге жұртшылықпен қоян-қолтық жұмыс істейтін шаруашылық жетекшілерін қатыстырып, есептерін тыңдау міндеттелді. Ондағы мақсат – қордаланған проблемалардың шешу жолдарын бірлесіп талқылау, көкейкесті жайттарға басым бағыт …

УӘДЕ ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ Read More »

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ

Волейболдан ұлттық лига командалары арасында ел чемпионаты мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша жергілікті “Есіл-СҚ” екінші орын еншіледі. Жерлестеріміз турнир аясында 31 ойын өткізіп, соның 17-сінде жеңіске жетті. Өкінішке қарай, “Атырау” командасымен болған финалдық қос ойында команда 1-3, 0-3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Осылайша “Атырау” алтын, “Есіл-СҚ” күміс жүлдегер атанды.

Қорытынды кезең

Кеше “Ustudy” орталығының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 2021-2022 оқу жылының рес­пуб­ликалық олимпиадасының қорытынды кезеңі басталды. Байқаудың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков өз сөзінде 18-23 сәуір аралығында өтетін республикалық олимпиадада облыстық кезеңнің жеңімпаздары болған 9-11 сынып оқушылары бақ сынайтынын жеткізді.

Бюджетке енгізілетін өзгерістер

Облыстық мәслихаттың депутаты Сәуле Сұрағанованың төрағалығы­мен бюджет, қаржы, экономика сала­ларын дамыту және қоршаған орта­ны қорғау мәселелері жөніндегі тұ­рақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Ко­миссия жұмысына облыстық мәсли­хат­тың хатшысы Владимир Бубенко, тұрақты комиссиялардың төрағала­ры, комиссия мүшелері, облыс әкім­дігі басқармаларының басшылары қатысты.