«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есірткі жұтып, түзету мекемесіне өткізбек болған адам ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 жастағы жігіт ЕС-164/3 мекемесіне жазасын одан әрі өтеу үшін жеткізілген. Қулығын асырмақ болған ол, 2,57 грамм марихуана кіргізбек болыпты. Есірткі жазасын өтеушіні толық тінту барысында табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Марихуананы түйіншекке салып, жұтқан. Тінту барысында жазасын өтеушіден есірткі табылды.Түйіншекте кепкен марихуана болды, — дейді СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Рустан Ахметжанов.

Сотталғанға қатысты Петропавл қаласының полиция басқармасы «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Енді жазасын өтеуші қылмыстық жауапқа тартылып, 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуі мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp