«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Мамыр 5, 2022

Қасиетті кәсіп иесі

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универси­те­тінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайдың отандық журналисти­каны дамытуға қосқан үлесі өлшеусіз. Алдымен Қарағандыда, кейін Қызылжар өңіріндегі М.Қозыбаев атындағы универси­тетте журналистика мамандығын ашып, газет-журналдарды, телеарналарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету – екінің бірінің қолынан келе қоймайтын қыруар еңбек.

ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ

Жылдар жылжып, заман өзгерген сайын көптеген кәсіп түрлері керексіз болып қалуда немесе орнын жаңа ма­мандықтар басуда. Дегенмен уақыт көшінен қалмай, түрлі өзгерістерге тез бейімделетін қызмет түрлері де бар­шылық. Солардың бірі – ең көне мамандықтар қатарындағы журна­листика. Америкалық жазушы Роберт Сильвестр бұл кәсіп түрін әлемдегі екінші көне мамандыққа теңеп, осы атаумен кітап та жазғаны белгілі. Елі­міз …

ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ Read More »

АЛАШ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ

Осыдан көп жыл бұрын­ғы бір оқи­ға есіме түсіп отыр. КазМУ-дың журналистика факультетінің ке­зекті отырысы-ау деймін, әр нәрсеге таңғала бермейтін Темекең (профессор Т.Қо­­жакеев): “Мен Қарағандыға барып келдім. Сондағы университетте журналистикадан мемлекеттік ем­тиханға төрағалық еттім. Алғашқы бітірушілерінен емтихан алдым. Он-шақ­ты бала бітірді, кәдімгідей жап-жақсы. Мұнда бәріміз жабылып жүріп істейтінімізді ол жақта өзіміздің Тайшыбаев жалғыз атқарып жатыр. Ырза …

АЛАШ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ Read More »

Тігіншілік — табысты тірлік

Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Бақытты отбасы” орталығының қолдауымен “Көрпе FEST-2022” мегафестивалінің ашылу салтанаты өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовпен бірге жүзге жуық қолөнер шебері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

ҚАЗАҚСТАН — ШАТТЫҚ ҰЯЛАҒАН ШАҢЫРАҚ

Бүгінде көптеген ұлыстардың ортақ шаңырағына айналған байтақ Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі болуда. Қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен жерімізден пана тапқан жұртты бөле-жармай бауырына басты. Сондықтан болар, еліміздің дүйім тұрғындары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін ерекше салтанатпен тойлайды.

Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары қолхат беруді тоқтатады

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 8 қызмет бойынша қағаз түрінде берілетін қолхат қысқартылды. Жуырда барлық мемлекеттік қызмет қолхатсыз көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу үшін кезекке қалай тұруға болады

Енді қалада жеке үй салу үшін жер учаскесін алуға eGov.kz порталы арқылы кезекке тұруға болады. Бұған дейін қазақстандықтар әкімдіктерге өтініш жазып, қыруар құжат жинағанша табанынан тозатын. Әрі, қағазбастылықтың салдарынан тізім дұрыс қалыптаспай, өтініш берушінің әуре-сарсаңға түсетін кездері де аз емес-ті. Боған қоса, кезекке қою үшін кемі 12 күн уақыт керек болатын. Qyzyljarnews.kz порталының тілшісіне үйден …

Петропавлда жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу үшін кезекке қалай тұруға болады Read More »