«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда «TezTap Qyzyljar» куиз кеші өтті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда алғаш рет «TezTap Qyzyljar»   куиз кеші өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Интеллектуалдық жарысқа  6 команда қатысты. Қаладағы мектептер мен  мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері,  қоғамдық ұйымдардың  өкілдері және  журналистер  бас қосқан  байқау викторина түрінде өтті. Сайыстың талабы бойынша бейнетақта арқылы  сұрақтар беріліп,  қатысушылар белгіленген  уақытта дұрыс жауабын табуы тиіс. 6 кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған   «Көптікөргендер» командасы үздік атанды. Екінші орынды «DMbek» иеленсе,  үшінші орынға «ЖаңаKZ» командасы тұрақтады.

-Біздің мақсатымыз көңілді, интеллектуал орта құру. Кез келген адам қатыса алады. Осы жерге келіп, куиз ойнап, байқаудың атмосферасын сезініп, уақытын көңілді, әдемі өткізе алады. Бір жағынан мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесіміз болады, болашақта осы сайысты үзбей, жиі өткізуді жоспарлап отырмыз —  деді кештің ұйымдастырушысы Ерлік Мұхамеджанов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp