«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТЕ АЛМАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары баспасөз мәслихатын өткізді.

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Күлзағира Нұртаеваның айтуынша, биыл 86 оқу орнында мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланған. Олардың 10-ы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, 66-сы – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы, 10-ы – техникалық және кәсіптік білім беру колледжі. Бірінші тоқсанда 16 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізген, нәтижесі көңіл көншітпейді. Мәселен, 11 мектептің тек біреуі ғана талапқа сай болып шықты. Кейін тағы төртеуіне “аттестациядан өтті” деген шешім шығарылды.

“Бұл ұйымдар мемлекеттік стандарт бойынша жұмыс істеулері қажет. Ең жиі кездесетін кемшіліктер – оқу кестесінің жұмыс және үлгілік оқу жоспарларымен, апталық оқу жүктемесі көлемінің мемлекеттік білім беру стандартының білім беру мен оқыту тіліне қойылатын талаптармен қабыспауы, оқушылардың дамуын бақылауда талаптардың орындалмауы, оқу сабақтары кестесіндегі, оның ішінде “Kundelik” электронды журналындағы пәндердің атаулары мен типтік оқу жоспарындағы атаулармен сәйкес келмеуі. Бұдан басқа, бейнебақылау жүйелерінің түсірілімдерін жедел басқару орталығына немесе аумақтық полиция органдарының кезекші бөлімшелеріне жіберу мүмкіндігінің болмауы, бастауыш сыныптарда жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың жоқтығы. Мұны жергілікті атқарушы органның көмегімен шешу үшін бюджеттен қаражат бөлінуі тиіс”, – дейді Күлзағира Нұртаева.

Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациядан өтпеуі салдарынан осы мектептердің түлектеріне мемлекеттік білім туралы құжат берілмеуі мүмкін.

Ғалия ІЛИЯСОВА,

облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp