«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жасқа толды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Сухомлинов 100 жасқа толды. Майдангердің мерейтойына орай Ұлттық ұлан Академиясының оркестрі оның ауласына барып, мерекелік концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық ұлан Академиясының бастығы Бауыржан Әбжанов ғасыр жасаған ардагерді туған күнімен құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.

-Сіз соғыс уақытында ең ауыр сынақтан абыроймен өткен, аты аңызға айналған жеңімпаздардардың өкілісіз. Сіздің өмір жолыңыз, Отанға деген сүйіспеншілігіңіз, оның болашағына бейжай қарамауыңыз — баршамызға үлгі. Сізге зор денсаулық, отбасы жылулығын, жақындарыңыздың қамқорлығын тілеймін, — деді Ұлттық ұлан Академиясының бастығы Бауыржан Әбжанов.

Майдангер болса мерейтойын әсерлі етіп ұйымдастырғандарға алғысын жаудырып, соғыстағы оқиғаларын еске түсірді.

Василий Иванович Сухомлинов 1941 жылы майданға аттанып, 29 атқыштар полкінде қызмет етті. 1945 жылы елге аман-есен оралды. 2 дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Жуков Г.К.» медальдарымен, мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Василий Ивановичтің 5 баласы, 11 немере, дәл осынша шөбересі бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp