«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

4%-дық автонесие беретін 4 банк анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров ел тұрғындарына 4%-дық жеңілдетілген автонесие беретін 4 банк белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ринат Гаппаров автонесие бағдарламасы екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Қазір осы бағдарламаға қатысатын 4 банк таңдап алынған. Олар: Halyk bank, Банк ЦентрКредит, Forte bank және Еуразиялық банк. Қазір өнеркәсіпті дамыту қоры басқа да банктердің өтініштерін қарастырып жатыр. Егер мақұлданса, банктер қатары кеңейеді.

-Өтінімдерді қабылдау бүгін сағат 14:00-де басталады. Бірінші болып «Центр Кредит» банкі қабылдай бастайды. Қосымша банктер қосылып жатса, хабарлаймыз, ақпаратын сайтқа жариялаймыз, — деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров.

Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp