«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрақтылыққа негізделген өзгерістер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды қолдау мақсатында барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы аймақтық қоғамдық штабтардың жұмысын үйлестіретін Кәсіподақтар федерациясы жанынан құрылған республикалық штаб өз жұмысын бастады.

Республикалық штабтың жетекшісі, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешевтің жетекшілігімен Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы аймақтық штабтарының үйлестіру кеңестерінің онлайн форматтағы отырысы өтіп, референдум мақсаты мен алдағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру іс-шаралары талқыланды.

Кеңес отырысын ашқан Нұрлан Өтешев кәсіподақтар үшін аталған заңнамалық өзгерістердің маңыздылығын атап өтіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнымен таныстырды. Қазақстан Конституциясының 33-бабына түзетулер енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деп көрсетіледі. Бұл – әлеуметтік әділеттілік қағидасына негізделген қоғамдық-саяси маңызы зор қадам. Сонымен қатар конституциялық реформаның нәтижесінде биліктің заң шығарушы тармағы елеулі өзгерістерге ұшырамақ. Мәселен, Президент өкілеттігі қысқарып, Парламенттің және оның палаталарының рөлі едәуір күшейіп, мәртебесі артады.

– Жалпы біз Ата Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталғанын нақты түсінуіміз тиіс. Конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырады деген сенімдеміз. Осы себепті, кәсіподақ мүшелерін лайықты өмір сүру және еліміздің әлеуетін арттыру және әр еңбеккер өз құқығын қорғай алуы үшін алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырамыз, – деп атап өтті республикалық штаб жетекшісі.

Отырыс барысында сөз алған Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев өңірде кәсіподақтардың өңірлік штабы құрылып, 9 мүшесі бекітілгені туралы айтып өтті. “Кәсіподақтар федерациясы атқару комитетінің үндеуі жарияланған уақыттан бастап өңірлік жоспар бекітіліп, штаб жұмысы жүргізіліп келеді. Әлеуметтік желілерде кәсіподақ мүшелерінің пікірлері жариялануда”, – деді өз сөзінде Ерік Есімұлы.

Шығыс Қазақстан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Темірбек Қасымжанов облыстық штаб бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның ішінде, заң клиникасы аясында қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп отырғанына тоқталды. Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова референдум жеке тұлғаның емес, халықтың пікірін айқындайтынын, кәсіподақ мүшелері бұл реформалардың маңыздылығын түсінуі қажеттігін алға тартты. Шымкент қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қазақстандық қоғам үлкен ауқымды саяси өзгерістер алдында тұрғанын айтты.

Баян РАХЫМБАЕВА,

облыстық кәсіподақтар орталығының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp