Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай, облыстық полиция департаменті музейінің көшпелі көрмесі ашылды. Альбомдар, кітаптар, планшеттер, баннерлер – мыңдаған фотосуреттер, коллаж бен мұрағаттық мақалалар түрінде жинақталған материалдар музейдің кең залына қойылды.
– Солтүстік Қазақстан тарихының жарқын парақтарын батыр-милиционерлер жазып кетті, олардың көпшілігі қызметтік міндеттерін адал атқара отыра, өмірлерін қиды. Бүгінде олардың есімдерімен көшелер, аллеялар аталып, есімдері жазылған мемориалдар мен ескерткіш тақталар ашылды. Музейге келгендер фотосуреттер, түпнұсқадағы құжаттар, наградалар, қару-жарақ пен жеке заттар сияқты сирек кездесетін экспонаттарды ғана көріп қоймай, сондай-ақ резонанс тудырған қылмыстардың нақты қалай ашылғанын, біздің қызметкерлеріміздің көрсеткен ерліктері жайлы фактілерді біле алады. Көрме туған өлке мен құқық қорғау тақырыбындағы тарихқа қызығушылық танытатындардың санын арттыратынына сенімдіміз, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов көрмені ашу салтанатында. Полиция департаменті мәдени орталығының ән шашуы көрмеге ерекше реңк берді, сонымен қатар облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірнеше қызметкеріне Алғыс хаттар табыс етілді.
Облыстық полиция департаменті музейінің меңгерушісі Любовь Осинская мен қор сақтаушысы Нина Бенграфтың айтуынша, көрмеге 6 планшет, 4 баннер, 19 кітап, журналдар, формулярлар, альбомдар, буклеттер, пікірлер жазылған, сонымен қатар ішкі істер органдары ардагерлері және облыс полициясы туралы кітаптар қойылды, 18 ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы өңір полицейлерінің тарихы туралы материалдар орналастырылған. Облыстық полицияның көшпелі көрмесі музей қабырғасында 23 маусым – Қазақстан полициясының күнін атап өткенге дейін жұмыс істейді.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.