«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шетел нарығындағы отандық шұжық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт То­қаев жақында өткен Үкіметтің кеңей­тіл­ген отырысында еліміздің әлеу­мет­тік-экономикалық даму мәселе­лері бойынша алда тұрған басты мін­деттерді айқындап берді. Оның ішін­де азаматтардың табысын артты­рып, өмір сапасын жақсартуға ай­рық­ша назар аударды. “Қорда­лан­ған мәселелер аз емес. 11 айда эко­но­ми­каның өсімі 4,6 пайыздан 2,7 па­йызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 па­йыз. Азаматтарымыз нақты оң өз­герістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз”, – дей келіп, азық-түлік тауарларының ішкі нарығын отандық тағам өнімдері құрауы қажеттілігін атап көрсетті. Мұның өзі еңбек өнімділігін артты­рып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге игі ықпалын ти­гізері сөзсіз. Шикізатты тереңдетіп қайта өңдеу арқылы халықаралық нарыққа шыға алатын кәсіпорын ғана малды бордақылаудан бастап, оны союға өткізуге дейінгі кластерді талапқа сай өркендете алады.

Тайынша ауданында индус­трия­лық-инновациялық даму бағдарла­масы аясында қолданысқа берілген кәсіпорын Еуроодақ талаптарына толық жауап береді, инвестияция­лық бағдарламалар аясында жаң­ғыртылған қайта өңдеу кешенінің жұ­мысы өте ауқымды әрі сан-салалы. Мұнда малды өнеркәсіптік бордақы­лау және өнімдерді өңдеуге дейінгі операциялар бір мезетте атқарыла­ды. Күніне 30 тоннаға жуық өнім әзір­леніп, шұжықтың, жар­тылай дайын ет өнімдерінің 60-тан астам түрі шығарылатынын ескерсек, қуатты­лығының қаншалықты екенін шама­лай беруге болады. Бүгінде “EMC Agro” ЖШС-ның өнімдері “Lecker” сауда бел­гісі­мен сыртқы нарықта да сұранысқа ие бола бастады. Алма­тыда өткен “FoodExpo Qazaqstan 2022” көрмесіне әлемнің 36 елінен 456 фирма қа­тысып, біздің кәсіп­орын алты ата­лым бойынша үздік­тер қатарынан көрінді. Шыны керек, “Мираторг, “Чер­кизово”, “Гродно”, “Могилев”, “Брест” сияқты әлемге танымал фир­малармен бәсекеге түсу оңай емес. Соған қарамастан етті қалдықсыз өң­деуден Орта Азияда алдыңғы қатар­дамыз. “FSSC 22000” халықаралық сертификаты­на иеміз. Осыдан төрт жыл бұрын ет комбинатының жағ­дайы күрделі болса, бүгінде “KazFoodProducts” компаниясында күрделі жаңғыр­тулар жүргізілді. Өн­діріске қомақты инвестиция тартылды.

“EMC Agro” ЖШС ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша өз қызметін 2019 жылы бастағанын айта кеткен жөн. Мал сою, ет өңдеу өндірісінің түп­кі мәні тұтынушыларға сапалы қыз­мет көрсетіп, сұраныстарын өтеуге, яғни экологиялық таза өнім­дер ұсынуға бағытталған. Серік­тес­тік цехтарында “Big Dutchman” үлгі­сіндегі неміс жабдықтары орнатыл­ған. Алдағы уақытта өнеркәсіп ке­шенінің өндіріс қуаттылығын одан әрі арттырып, күніне жарты мыңдай мал сою міндеті тұр. Осыған орай шошқаның саны 50 мыңнан 100 мың басқа дейін ұлғайтылып, қосымша орындар жабдықталғаннан кейін бұл көрсеткіш екі есеге дейін көбейтіле­ді. Сонда жылына 20 мың тонна ет өңделіп, 10 мың тонна дайын өнім тұ­тынушыларға жөнелтіледі. Қазір ірі қараны бордақылау алаңы жабдық­талуда. Агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалар одан әрі жалғасын тауып, күніне үш мың бас мал союға мүмкіндік береді. Шетел­ден технологиялық жабдықтар әке­лініп, екі алаңда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кетті. За­манауи құрылғылардың арқасында шикізаттың сапасын бақылау өнді­рістің барлық кезеңдерінде жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Жыл өткен сайын өндіріс қуаты қар­қын алып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Қазір серіктестікте 400-дей адам еңбек етеді. Тайынша қа­ласымен қатар Донецкое, Чермош­нянка, Келлеровка, Большой изюм, Драгомировка елді мекендерінен де тұрғындар қатынап жұмыс істейді. Оларды күнделікті тасымалдау ісі дұрыс жолға қойылған, ешқандай кідіріс жоқ. Дегенмен білікті маман­дарға деген сұраныс әлі де бар. Әсіресе ветеринарлық операторлар тапшы. Тиісті білімі мен жұмыс істеуге деген талап-ынтасы болса, барлық әлеуметтік жағдайдың жа­салатынына толық кепілдік береміз.

Осыдан бір жыл бұрын аудан ор­талығында “Lecker” сауда белгісімен ет комбинатының фирмалық дүкені ашылған болатын. Енді мұндай сау­да желілері Петропавлда, Көкше­тау­да, Бескөлде бой көтерді. Бұдан бө­лек, “Lecker” шұжықтарын Батыс Қа­зақстан, Қарағанды, Талдықор­ған, Ал­­маты облыста­ры­ның, Ресейдің Ом­бы, Самара қа­ла­лары­ның сауда сө­ре­лерінен де кез­дес­тіру­г­е бола­ды. Шошқа өзіміз­де өсі­рілсе, сиыр, жыл­қы, қой еттері негі­зінен жер­гілікті фер­мерлерден сатып алына­ды. Негізгі қыз­метіміз – іш­кі на­рықты қам­тама­сыз етіп қана қоймай, ше­телге де ке­ңі­нен жол ашу. Қытай­мен, Ар­мения­мен, Грузиямен қоста­раптық әріптес­тік байланысты жақ­сартпақ ой­­дамыз. Барлық өндіріс цик­лі шетелдік техно­логияға негіз­дел­ген. Ең басты­сы, сойылған мал еті­нің са­пасы жо­ғал­май­ды. Туралған ет, шұ­жық әзір­лей­тін цехтар да заман та­лабына сай жабдықталған. Мал со­йы­латын ар­найы цехтар, сал­қында­ту камерасы бар. Жаңа қазан­дық, газ­голь­дер қондырғысы қойылған.

Тәуелсіздік кезеңінде қол жеткен табыстар аз емес. Бірақ оған тоқ­мейілсімеуіміз керек. Өнімді сату – өте өзекті мәселенің бірі. Тауардың үздіксіз жеткізілуі, сапасының жоға­ры болуы – бәріміз үшін орындалуы тиіс міндет. Мемлекет тарапынан демеуқаржы беру, ірі сауда желіле­рімен тығыз қарым-қатынас орнату мә­селелері әлдеқайда жеңілдетіл­ген. Кәсіпорын “Қазақстанда жасал­ған” жалпыұлттық жобасына белсе­не қатысып, импортқа тәуелділікті ба­рынша азайтуға өз үлесін қосуды басты парыз санайды.

Қанат АТАЙБЕКОВ,

“EMC Agro” ЖШС-ның директоры.

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp