«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Он бір жылын түрмеде өткізеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыз айында облыстық есірт­кі қылмысына қарсы іс-қимыл бас­қар­масының қызметкерлері Петро­павл қаласының тұрғынын есірткі сатты де­ген күдікпен ұстаған бола­тын. Осылайша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының же­дел уә­кілдері 2 килограмм марихуа­наны өт­кізу әрекетінің жолын кес­кен еді. Кү­діктінің тұрғылықты ме­кенжайында тағы 12,5 килограмға жуық мари­хуа­на салынған пласти­ка­лық қапшық пен 143 грамм гашиш тәркіленді. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Қазіргі уақытта 28 жастағы азамат 11 жылға бас бостандығы­нан айыру түріндегі жазасын түр­меде өтеп жатыр.

– Жыл басынан бері облыста өткізу мақсатымен есірткі сақтаға­ны үшін барлығы 17 адам сотталды, – дей­ді облыстық есірткі қылмы­сы­на қарсы іс-қимыл басқармасының бас­тығы, полиция подполковнигі Иван Терзиди.

Мәдина ЕРҒАЛИЕВА,

облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp