«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 26, 2022

АЗИЯ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН НҰРСҰЛТАН

Тайланд астанасы Бангкок қаласында кикбоксингтен Азия біріншілігі өткені мәлім. Сарықұр­лықтың үздік спортшылары бас қосқан додада жалпыкомандалық есепте ел құрамасы жеңіс тұғырына көтерілсе, екінші орын жарысты ұйымдастырушы мемлекеттің еншісіне жазылды. Ал өзбекстандық кикбоксшылар қола жүлдегер атанды. Дүбірлі аламанда солтүстікқазақстандық былғары қолғап шеберлері Отанымыздың көк байрағын көкке желбіретіп, медаль тағынды. Қы­зылжарлық Нұрсұлтан Жақыпов 86 килограмм салмақ дәрежесінде …

АЗИЯ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН НҰРСҰЛТАН Read More »

Шыршалар “шырылдамасын”!

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден қорғау – жаңажыл­дық мереке қарсаңындағы полиция міндеттерінің бірі болып табылады. Желтоқсанның 15-ші жұлдызынан облыста “Шырша” акциясы жүріп жа­тыр. Табиғатты қорғау полициясы­ның қызметкерлері орман алқапта­ры­на рейдтер жүргізуде. Бұл іс-шараларға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инс­пекциясының өкілдері де қатысуда. Полицейлер орман қорына кірмей­тін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақым …

Шыршалар “шырылдамасын”! Read More »

Он бір жылын түрмеде өткізеді

Наурыз айында облыстық есірт­кі қылмысына қарсы іс-қимыл бас­қар­масының қызметкерлері Петро­павл қаласының тұрғынын есірткі сатты де­ген күдікпен ұстаған бола­тын. Осылайша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының же­дел уә­кілдері 2 килограмм марихуа­наны өт­кізу әрекетінің жолын кес­кен еді. Кү­діктінің тұрғылықты ме­кенжайында тағы 12,5 килограмға жуық мари­хуа­на салынған пласти­ка­лық қапшық пен 143 грамм гашиш тәркіленді. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. …

Он бір жылын түрмеде өткізеді Read More »

“Шошқа тұмауына” шалдыққандар

Өңірдің екі тұрғынына “шошқа тұмауы” диагнозы қо­йылды. Санитар дәрігерлер бұл аурудың қаншалықты қауіпті екенін және белгілері туралы айтты. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жедел респираторлық вирус­тық инфекция бойынша эпидемио­логиялық жағдай сырқаттанушылық­тың маусымдық өсуімен сипатта­ла­ды. Эпидемиялық маусым 1 қазанда басталды. Осы күннен бастап дерттің 20483 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыр­ғанда …

“Шошқа тұмауына” шалдыққандар Read More »

АБАЙДЫ ТАНУ – ӨЗІҢДІ ТАНУ

Оқушылар сарайында “Отан – отбасынан басталады” атты рухани кеш өтті. Отбасы құндылықтары мен ұлттық рухания­тымызды насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараны бел­гілі абайтанушы, жазушы, ғалым Омар Жәлел жүргізді. Омар Жәлел филология ғылым­да­ры­ның кандидаты, қазақ рухания­тының зерттеушісі. Кездесуді рес­публикалық “Сеніммен Болашақ” бір­лестігінің облыстық филиалы ұйым­дастырды. Кешке 200-ге жуық адам жиналды. – Омар Жәлел ағамыздың қоз­ғай­тын тақырыптары сан қырлы. …

АБАЙДЫ ТАНУ – ӨЗІҢДІ ТАНУ Read More »

Адамзаттың азығы

Кітапхана – ғылым мен білімнің, даналық пен дарқандылықтың киелі кеніші, ал кітапханашылар – осы қасиетті қарашаңырақтың шын жанашырлары. Қоғамымыздың дамуы ақпарат­тың кең тарауымен, мәдениет мәйегін халыққа тереңдетіп түсіндіру мәселелерімен тиянақтала түседі. Осындай маңызды істерге жарқыл­даған аралдай, оты өшпеген қара ошақтай, қараңғы түнде алдан жа­рық сәуледей жол нұсқайтын – кітап­хана. Рухани тарихын, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын тануда …

Адамзаттың азығы Read More »

“КӨРЕРМЕННІҢ ҚОШЕМЕТІНЕН АСҚАН ҚҰРМЕТ ЖОҚ”

Театр – тәрбие мектебі, тәлім, рухани азық алар орда, еңбектің көркемі, көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ, идеологиялық құрал. Ондағы әрбір әртістің болмыс-бітімі мен қабілет-қарымы осы үлкен еңбекке арқау. Бүгінгі сұқбатымыздың кейіпкері – Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртісі, көрерменнің көзайымына айналған актер Асылхан Разиев. – Асылхан Талғатұлы, өңіріміз­дің өнер сүйер қауымы, …

“КӨРЕРМЕННІҢ ҚОШЕМЕТІНЕН АСҚАН ҚҰРМЕТ ЖОҚ” Read More »

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ ЗӘРУ

Облыс орталығына жақын орналасқан Мамлют ауданында 11 ауылдық округ бар. Олардың құрамындағы 38 елді мекеннің 22-сі экономикалық жағынан әлеуетті саналса, 16-сы “болашағы бұлдыр” санатына енгізілген. Тұрғындардың саны 17 мыңға жуық. Ауданға ат басын тірегенімізде қалыптасқан дәстүр бойынша алдымен қыж-қыж қайнап жататын күнделікті тіршіліктің бағдаршам-штабы іспеттес әкімдікке соқтық. Аудан әкімі Владислав Лукиннің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының, …

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ ЗӘРУ Read More »

БЕЛСЕНДІЛІК АРТПАЙ, ЖҰМЫС ЖАНДАНБАЙДЫ

Үстіміздегі жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қоғамдық кеңестердің құрамы, жұмыс жоспары түбегейлі жаңартылған еді. Осыған сәйкес ақпан айынан бастап жаңа құраммен іске кіріскен облыстық қоғамдық кеңес жыл аяғында атқарған жұмысын қорытындылады. Әуелі облыстық білім басқармасы 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекітуді ұсынды. Облыстық білім басқармасы басшысының …

БЕЛСЕНДІЛІК АРТПАЙ, ЖҰМЫС ЖАНДАНБАЙДЫ Read More »

Ауылдағы ағайынға жағдай жасалса, қалаға қоныс аударушылар азаяр еді

Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың аудандарға сапары жалғасуда. Бұл жолы өңір жетекшісі Тимирязев және Шал ақын аудандарында болып, тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Бұл аудандарда халық саны азайып келеді. Егер мәселе шешімін таппаса, бұл екі аудан болашақта біріктірілуі мүмкін. Сондықтан Айдарбек Сапаров аудан басшыларын, жергілікті кәсіпкерлерді ауылдағы ағайынның жағдайын жақсарту жолында күш біріктіруге шақырды. Облыс …

Ауылдағы ағайынға жағдай жасалса, қалаға қоныс аударушылар азаяр еді Read More »