Наурыз айында облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының тұрғынын есірткі сатты деген күдікпен ұстаған болатын. Осылайша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері 2 килограмм марихуананы өткізу әрекетінің жолын кескен еді. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында тағы 12,5 килограмға жуық марихуана салынған пластикалық қапшық пен 143 грамм гашиш тәркіленді. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Қазіргі уақытта 28 жастағы азамат 11 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын түрмеде өтеп жатыр.
– Жыл басынан бері облыста өткізу мақсатымен есірткі сақтағаны үшін барлығы 17 адам сотталды, – дейді облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Иван Терзиди.
Мәдина ЕРҒАЛИЕВА,
облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы.