Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден қорғау – жаңажылдық мереке қарсаңындағы полиция міндеттерінің бірі болып табылады. Желтоқсанның 15-ші жұлдызынан облыста “Шырша” акциясы жүріп жатыр. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптарына рейдтер жүргізуде. Бұл іс-шараларға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері де қатысуда. Полицейлер орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақым келтіргені үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталар үшін – 100 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескертеді. Келтірілген шығын сомасы 100 АЕК асқан жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.
Сондай-ақ шыршаның сауда нүктелері басты назарда болады. Сауда жасау үшін тиісті рұқсат құжаты болуы қажет. Бүгінгі күні заңсыз шырша кесу және сату фактілеріне жол берілген жоқ. Акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады.
Айдын БАЙМАТОВ,
жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі.