Жалға берілген пәтерлердегі тыныштықты бұзу түнгі уақытта жиі тіркеледі. Жастар көбіне ішімдік ішілетін басқосуларды, көңілді отырыстарды тәуліктік жалға берілетін пәтерлерде өткізеді. Кейде бұзақылар полицейлермен дауласудан да тайынбайды. Мәселен, Петропавл қаласында айдың басында учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері С.Мұқанов көшесі бойындағы үйлердің бірінің тұрғындарынан шақырту алған. Жалдамалы пәтерде бір топ адам музыканы бар дауысына қойып, қатты сөйлескен. Полицейлерге бағынбаған екі ер адамға арнайы құралдарды қолдануға тура келген. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағандары үшін оларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Жыл басынан бері облыс орталығында 2006 тыныштықты бұзу фактісі тіркелген, соның 1043-і жалдамалы пәтерлерде орын алған.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.