«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 27, 2022

Түн тыныштығын бұзғандар

Жалға берілген пәтерлердегі ты­ныштықты бұзу түнгі уақытта жиі тіркеледі. Жастар көбіне ішімдік ішіле­тін басқосуларды, кө­ңілді отырыс­тар­ды тәуліктік жалға бе­рілетін пә­терлерде өткізеді. Кейде бұзақылар полицейлермен дауласудан да та­йын­байды. Мәсе­лен, Петропавл қаласында айдың ба­сында учаскелік полиция инспектор­лары мен пат­руль­дік полиция батальонының қыз­меткерлері С.Мұқа­нов көшесі бо­йындағы үйлердің бі­рінің тұрғында­рынан шақырту алған. Жалдамалы пәтерде бір топ адам музыканы бар …

Түн тыныштығын бұзғандар Read More »

Ауруханаға жеткізілді

Облыс аумағындағы тасжолда жол-көлік оқиғасы орын алып, “те­мір тұлпарлардың” жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. 24 желтоқсан күні сағат 14:00 шамасында Қызылжар ауданының Чапаево ауылы маңында Петро­павл – Астана автожолының 463-шақырымында “Hyundai Solaris” пен “Mazda Demio” автокөліктері соқты­ғысқан. Жол-көлік оқиғасы салда­ры­нан “Hyundai Solaris”-тің 33, “Mazda Demio”-ның 41 жастағы жүргіз­шілері медициналық мекемеге жеткі­зілген. Жол-көлік оқиғасы фактісі бо­йынша қажетті сараптамаларды …

Ауруханаға жеткізілді Read More »

Мерекелік қойылым

Сәбит Мұқанов атындағы облыс­тық қазақ сазды-драма театрында кішкентай көрермендердің назары­на “Жаңа жылға кім қожа?” атты қойылым ұсынылды. Аталмыш шараға “Асыл мирас” аутизм орталығының отыз бес бүл­діршіні мен ата-аналары қатысты. Сәбилер қойылымнан сүйікті кейіп­керлерін көріп қуанды. Ойын-сауық бағдарламасын қызыға тамашалады. Балалар ән шырқап, би билеп, Аяз атаға өлеңдерін айтып, тәтті сыйлықтар алды. “Асыл мирас” ау­тизм орталығының …

Мерекелік қойылым Read More »

Өлеңі өмірінің айнасындай

Биыл Қызылжар өңірінің тумасы, ақын Мүталлап Қанғожиннің туғанына 85 жыл толып отыр. Мерейтойға орай С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Өлеңі өмірінің айнасындай” атты еске алу кеші өтті. Шараға қаламгердің көзін көрген замандастары мен өлеңсүйер қауым жиналып, ақынның шығармашы­лы­ғы және өмір жолын сөз етті. Кешке қатысқан облыстың құр­метті азаматы Тілек Әбдірахманов жастарға ақын жайлы естеліктерін айтып …

Өлеңі өмірінің айнасындай Read More »

Ғалым болам десеңіз…

Университет – тек жас буынға білім беріп, маман даярлап қана қоймай, сондай-ақ жаңа ғылыми із­деністерге де жол ашуы керек. Ір­гелі ғылыми зерттеулер осындай білім ордасының қабырғасынан бастау алады. Жоғары оқу орында­рының басты даму бағыты – озық ойлы, талапты жастардың басын қосқан ғылыми орталыққа айналу. Жастардың ғылыми ізденістерге қызығушылығын арттыру үшін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан университетінде …

Ғалым болам десеңіз… Read More »

Көненің көзіндей

Зымыран уақыт алға жылжып, заман өзгерген сайын атадан балаға мирас болып жеткен көптеген рухани және материалдық құндылықтарымыз жойылып барады. Оларда қазір көп айты­лып жүрген біздің ұлттық кодымыз жасырылып жатқандай көрінеді маған. Оқырман назарына көзден кетсе де, көңілдің түкпірінде қалып қойған ескірмейтін естеліктеріммен бөліскім келеді. Шошала Мен ес білгенде ауылдағы бар­лық үйде бірдей шошала болған жоқ. …

Көненің көзіндей Read More »

АШАМАЙЛЫНЫҢ ЕР ЖӘНІБЕГІ

Тәуелсіздігімізді алып, халқы­мыз­дың рухани жан дүниесі жаңар­ған кезде әркім өзінің тарихи шежіре­сін кейінгі ұрпаққа мұра ету қамына кірісті. Бұл – жас ұрпақтың туған жер­ге деген шынайы сүйіспеншілігін арт­тыруға, өлке тарихымен танысуға, жұрт біле бермейтін кейбір көмескі та­рихты, таңдаулы тұлғаларды тануға жетелеу. Сол арқылы ұрпақтар сабақ­тастығын сақтауға үлкен көмек бо­лары анық. “Сақалыңнан айналайын қарт бабалар, Ұрпағыңа …

АШАМАЙЛЫНЫҢ ЕР ЖӘНІБЕГІ Read More »

ӘР ШАҢЫРАҚТЫҢ ТӨРІНДЕ ТҰРСЫН

Қазіргідей ақпараттық соғыс дауылы күшейіп, әлеуметтік желілер үстемдік құрған аласапыран заманда тарихтың куәлігіне баланатын таңбалы тастай газеттердің абырой-беделі бәсеңдеп отырғаны – ащы болса да шымбайымызға батып отырған шындық. Бір ғасырдан астам тарихы бар, іргесін Алаштың ардақтылары қалап, керегесін ұлтымыздың аяулы қаламгерлері керген облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газеті ұжымының жаңа заманның талабы осы екен деп бас шұлғып …

ӘР ШАҢЫРАҚТЫҢ ТӨРІНДЕ ТҰРСЫН Read More »

Балғындарға сый

Жаңа жыл – барша бүлдіршіндердің асыға күтетін сүйікті мерекесі. Бұл мейрамның жылдан-жылға жалғасып келе жатқан игі дәстүрлері бар. Мереке жақындаған сайын балалар өз тілектерінің орындалуын қалап, үлкендерден, сый-сияпат күтеді. Желтоқсан айының соңында түрлі мерекелік кештер мен арнайы концерттер ұйымдастырылады. Сол шаралардың ішінде ең ерекшесі – әр бүлдіршіннің арманы болған Президент шыршасы. Оған оқу мен өнерде, …

Балғындарға сый Read More »

Татулықтың мекені

Достық үйінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен салтанатты шара ұйымдастырылды. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының жыл бойғы жұмысы қорытындыланып, бірқатар азамат марапатталды. Ассамблея мүшелері – ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосып жүргені белгілі Марат Тасмағанбетов жиналғандарға өңір басшысының құттықтауын жеткізді. Марапат алғандардың арасында Ләззат Жолмұқанова да бар. …

Татулықтың мекені Read More »

АУЫЛ — БЕРЕКЕНІҢ ОРДАСЫ Өңір басшысы барлық ауданды аралап шықты

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров 8 күнде өңірдің бүкіл аудандарын аралап шықты. Өңір басшысының сапары Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда аяқталды. Сапар барысында тұрғындармен кездесулер өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Ауылдықтар негізінен білім беру, денсаулық сақтау, жол, ауызсу мәселелерін көтерді. Облыс әкімі бұған дейін Тайынша ауданында болып, мұндағы елді мекендердің жағдайын көрді. Ауданның инфрақұрылымы дамыған, ауқымды …

АУЫЛ — БЕРЕКЕНІҢ ОРДАСЫ Өңір басшысы барлық ауданды аралап шықты Read More »