Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында кішкентай көрермендердің назарына “Жаңа жылға кім қожа?” атты қойылым ұсынылды.
Аталмыш шараға “Асыл мирас” аутизм орталығының отыз бес бүлдіршіні мен ата-аналары қатысты. Сәбилер қойылымнан сүйікті кейіпкерлерін көріп қуанды. Ойын-сауық бағдарламасын қызыға тамашалады.
Балалар ән шырқап, би билеп, Аяз атаға өлеңдерін айтып, тәтті сыйлықтар алды. “Асыл мирас” аутизм орталығының басшысы Назгүл Тортулова мен ата-аналар театр ұжымына алғыстарын білдірді.
– Орталық бүлдіршіндерін өмірге бейімдеу өте қиын. Олар ерекше балалар болғандықтан қоғамдық іс-шараларға белсенді қатыса қоймайды. Сондықтан бүлдіршіндерге мерекені барынша сездіруге тырысып, қолдау көрсетіп жатқан театр ұжымына алғысымыз шексіз, – дейді Назгүл Тортулова.