«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түн тыныштығын бұзғандар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жалға берілген пәтерлердегі ты­ныштықты бұзу түнгі уақытта жиі тіркеледі. Жастар көбіне ішімдік ішіле­тін басқосуларды, кө­ңілді отырыс­тар­ды тәуліктік жалға бе­рілетін пә­терлерде өткізеді. Кейде бұзақылар полицейлермен дауласудан да та­йын­байды. Мәсе­лен, Петропавл қаласында айдың ба­сында учаскелік полиция инспектор­лары мен пат­руль­дік полиция батальонының қыз­меткерлері С.Мұқа­нов көшесі бо­йындағы үйлердің бі­рінің тұрғында­рынан шақырту алған. Жалдамалы пәтерде бір топ адам музыканы бар дауысына қойып, қат­ты сөйлескен. Полицейлерге бағын­ба­ған екі ер адамға арнайы құрал­дарды қолда­нуға тура келген. Поли­ция қызмет­керлерінің заңды талап­тарына ба­ғынбағандары үшін оларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемін­де айып­пұл салынды.

Жыл басынан бері облыс орта­лығында 2006 тыныштықты бұзу фак­тісі тіркелген, соның 1043-і жалдама­лы пәтерлерде орын алған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp