«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ғалым болам десеңіз…

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Университет – тек жас буынға білім беріп, маман даярлап қана қоймай, сондай-ақ жаңа ғылыми із­деністерге де жол ашуы керек. Ір­гелі ғылыми зерттеулер осындай білім ордасының қабырғасынан бастау алады. Жоғары оқу орында­рының басты даму бағыты – озық ойлы, талапты жастардың басын қосқан ғылыми орталыққа айналу. Жастардың ғылыми ізденістерге қызығушылығын арттыру үшін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан университетінде атқары­лып жатқан жұмыстар аз емес. Осы мақсатта мұнда “Ғылым әлемі студент көзімен” атты байқау өтті.

Байқауға әр факультеттің білім алушылары қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстарын, жүргізіп жат­қан тәжірибелерін, ғылыми жоба­ларын қорғап, қазылар алқасының назарына бейнероликтерін ұсын­ды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған 14 студенттің жұмы­сы марапатқа ие болды.

– Біз жастардың ғылыми жұ­мыс­тар­ды қалай түсініп, қалай қа­былдайтынын көргіміз келді. Олар­дың ғылым туралы түсінігі, ғылым­мен айналысу дағдылары қандай деген сауалдарға жауап іздедік. Ба­ғалау барысында біз көрермендер мен оқытушылардың пікірін де ес­кердік, – дейді оқу орнындағы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Па­вел Петров.

Байқау қорытындысы бойынша барлық 14 қатысушы марапатқа ие болды. Ал бірінші орынды студент­тер мен оқытушылардың басым да­уысына ие болған Дилназ Алимова мен байқау комиссиясы үздік деп тапқан Қасиет Жұмабек бөлісті. Екі жеңімпаз да 50 мың теңгелік жүлдеге ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp