«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ат-шанаға соғылған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, “Жезқазған – Петропавл” республикалық автожолының 840 шақырымында, Есіл ауданындағы Николаевка ауылына 5 километр жетпей “Chevrolet Nexia” автокөлігінің жүргізушісі ат жегілген шанаға соғылған.

Ат-шананың иесі жаяу қасын­да келе жатқан. Қатты соққыдан ауыл тұрғыны, 61 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Медицина­лық куәландыру “Chevrolet Nexia” автокөлігінің жүргізушісінің спирт­тік ішімдік ішпегенін көрсетті.

Жол-көлік оқиғасы Қылмыс­тық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағи­даларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сотқа дейінгі тергеу аясында по­лицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процес­суалдық шешім қабылданатын бо­лады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp