«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түйіншектегі “сәлемдеме”

Ақерке Дәуренбекқызы

 51651651@soltustikkaz.kz

Қылмыстық-атқару жүйесі облыстық департаментінің №51 төтенше қауіпсіздік мекемесіне ұялы телефондар, құлақ­қаптар мен SIM-карталар кіргізбек болған екі жігіт ұсталды.

Департаменттің баспасөз қыз­ме­тінің мәліметінше, оқиға 23 жел­тоқсан күні болған. Біреулер жеңіл көлікпен келіп, №51 мекемесінің 2 және 3 учаскелері арасына оралған зат лақтырған. Ол аумаққа бірден мекеменің қызметкерлері жіберіліп, қарауылдың техникалық жолында электродқа таспамен оралған 2 түйіншекті тапты.

Ораманың ішінде 5 смартфон, сондай-ақ 3 құлаққап, бір телефон қуаттағыш және 7 SIM-карта болған. Олардың бәрі тәркіленді. Осындай заң бұзушылыққа барған екі жігіт 25 желтоқсан күні Саумалкөл елді мекеніне кіреберісте ұсталды. Ма­шина 27 жастағы М. есімді жігіттікі, оның қасында 31 жастағы А. деген ер адам болған.

Жауап алу барысында А. рұқсат етілмеген заттардың түрмеде жазасын өтеп жатқан Б.-ға арналғанын айтып, жазбаша түсініктеме берді. Енді А. бұл әрекеті үшін әкімшілік жа­уапкершілікке тартылмақ. Тиісті ма­териалдар жиналып жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp