«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 5, 2023

Түйіншектегі “сәлемдеме”

Қылмыстық-атқару жүйесі облыстық департаментінің №51 төтенше қауіпсіздік мекемесіне ұялы телефондар, құлақ­қаптар мен SIM-карталар кіргізбек болған екі жігіт ұсталды. Департаменттің баспасөз қыз­ме­тінің мәліметінше, оқиға 23 жел­тоқсан күні болған. Біреулер жеңіл көлікпен келіп, №51 мекемесінің 2 және 3 учаскелері арасына оралған зат лақтырған. Ол аумаққа бірден мекеменің қызметкерлері жіберіліп, қарауылдың техникалық жолында электродқа таспамен оралған 2 түйіншекті …

Түйіншектегі “сәлемдеме” Read More »

“Фортуна” күйсандығы

Облыстық тарихи өлке­та­ну-музейі сөрелерінде сақталған әр жәдігердің ішіне бүккен сыры мен тарихы бар. Оқыр­мандарымыздың дені олардың көбінен бейхабар. “Жәдігер” деп аталатын айдарымыз арқылы біз мәдениет ошағын­да­ғы өткен заманның қой­науы­нан сыр шертетін әр заттың тарихы туралы мә­лімет­терді назарларыңызға ұсына­тын боламыз. Музейге келушілерді қызықтыратын жәдігердің бірі – “Фортуна” музыкалық жәшігі. Бұл аспап жиыр­масыншы ғасырдың басында Германияда жасалған. …

“Фортуна” күйсандығы Read More »

Алаяқ кәсіпкер

Өңірдегі “Жарқын-СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы сотталды. Ол ауыл тұрғындарының жер үлесін жалған құжат жасау арқылы банкке кепілге қойып, 600 млн. теңгені қалтасына басқан. Петропавл қалалық соты серік­тес­тік басшысы М.-ға бір топ адам­мен алдын ала келісім бойынша аса ірі мөлшерде жұрттың дүниесін ұр­лады деген айып таққан. Сотталушы шаруашылық қаты­су­шы­ларының ортақ жиналысының жалған хаттамасын жасап, сол …

Алаяқ кәсіпкер Read More »

Арманы асқақ жеткіншектер

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Айдарбек Сапаров отбасылық үлгідегі балалар ауылында болып, ондағы тәрбиеленушілермен кездесті. Кездесу барысында ұл-қыздарды мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Өңір басшысы өз сөзінде 2022 жыл есте қаларлық ерекше оқиғаларға толы болғанын жеткізді. – Өткен жыл біз үшін берекелі болды. Қиындықтар қай кезде де орын алып тұрады. Біз соның бәрінен аман …

Арманы асқақ жеткіншектер Read More »

ҚЫСҚЫ КАНИКУЛДЫ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗБЕК

Екібастұздағы үйлерінің құбырлары жарылған тұрғындардың отыз бес баласы қысқы каникулды қызықты өткізбек. Кішкентай қонақтарды “AMANAT” партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров қарсы алып, Зерендідегі “Парус” лагеріне орналастырды. – Бұл жолғы демалыс “AMANAT” партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Партияның облыстық филиалы балалардың демалысын ұйымдыстыру үшін демеушілер тапты. Апат кезінде бүкіл …

ҚЫСҚЫ КАНИКУЛДЫ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗБЕК Read More »

Сәби саулығының сақшысы

Дүниедегі барлық тіршіліктің мағынасы артқа өнегелі із қалдырып, өмір сабақтастығын одан әрі жалғауға тіреледі. Сол үшін әлемде күн сайын мыңдаған сәби дүниеге келіп, қаншама отбасын қуанышқа бөлеуде. Ата-ананың арманы жүзеге асып, жаңа өмір есігі ашылып, осынау ғажайыптар орындалатын жер – перзентхана. Перзентхана дегенде есімізге алдымен дүниеге жаңа келген сәби мен аналар, қуанған отбасылар елестейді. Алайда …

Сәби саулығының сақшысы Read More »

Батыл бойжеткен

Петропавлда 1 қаңтар күні кеш­ке тұрғын үйден өрт шықты. Баспана иесі оқиға орнында қаза тапты, ал үйдегі екінші адам бойжеткеннің арқасында аман қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Жұмысшы кентін­дегі жекеменшік баспаналардың бі­рінен шыққан. Жалынды толығы­мен сөндіруге бір сағат уақыт жұмсалып­ты. Құтқарушылар оқиға орнынан 33 жастағы үй иесінің денесін тапты. Өрт салдарынан …

Батыл бойжеткен Read More »

Қош келдің жарық әлемге!

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірімізде 22 сәби дүниеге келді. Ата-аналарын шаттыққа бөлеген шақалақтардың он үші – ұл, тоғызы – қыз бала. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл шекесі торсықтай ұлдардың саны басым. Облыстық перинаталдық орта­лықтың бас дәрігері Елена Калюж­ная әрбір ана мен баланың денсау­лығы ақхалаттылардың назарында екенін айтты. Сондай-ақ ол 2023 жыл­дың алғашқы тәулігінде меди­циналық қызметкерлер кезекшілікті …

Қош келдің жарық әлемге! Read More »

ҰСТАЗДЫҢ ЖЕҢІСІ

Тәуелсіздік күні қарсаңында “Ama­nat” партиясы мен “Bilim-örkenieti” ұлттық инновациялық ғы­лы­ми-зерттеу орталығының ұйытқы болуымен “Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі” атты рес­публикалық байқау ұйымдастырылған болатын. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық түрлі сала мамандары қатысты. Жеңімпаздар елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен мара­паттау рәсіміне арнайы шақырылып, сый-құрметке бөленді. Олардың қатарында жерлесіміз, Айыртау ау­да­нындағы Саумалкөл қазақ орта мектебінің мұғалімі Ақзейнеп Байтенова …

ҰСТАЗДЫҢ ЖЕҢІСІ Read More »