«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Батыл бойжеткен

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Петропавлда 1 қаңтар күні кеш­ке тұрғын үйден өрт шықты. Баспана иесі оқиға орнында қаза тапты, ал үйдегі екінші адам бойжеткеннің арқасында аман қалды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Жұмысшы кентін­дегі жекеменшік баспаналардың бі­рінен шыққан. Жалынды толығы­мен сөндіруге бір сағат уақыт жұмсалып­ты. Құтқарушылар оқиға орнынан 33 жастағы үй иесінің денесін тапты. Өрт салдарынан тағы бір адам зар­дап шекті. 32 жастағы ер адамның қолы мен басын күйік шалды. Меди­циналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді.

Ер адам сол көшеде тұратын 19 жас­тағы Мария Симонованың арқа­сында аман қалды. Белгілі болғаны, бойжеткен көрші үйлердің бірінен шық­қан түтінді бірінші болып бай­қаған. Ол бірден көмекке ұмтылып, жанып жатқан үйге қарай жүгірген. Есікті ашқанда, сыртқа шығу үшін еңбек­теп, алайда түтінге тұншығып, әлі құрыған адамды көреді. Бой­жеткен оған көмектесіп, өртсөнді­рушілерді шақырыпты.

Құтқарушылар қызды марапат­тау мәселесін қа­рас­тырып, оның ба­тыл әрекеті ту­ралы Мария Симо­нова оқи­тын колледж басшылығына мін­детті түрде жеткізетіндеріне уәде берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp