«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Фортуна” күйсандығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи өлке­та­ну-музейі сөрелерінде сақталған әр жәдігердің ішіне бүккен сыры мен тарихы бар. Оқыр­мандарымыздың дені олардың көбінен бейхабар. “Жәдігер” деп аталатын айдарымыз арқылы біз мәдениет ошағын­да­ғы өткен заманның қой­науы­нан сыр шертетін әр заттың тарихы туралы мә­лімет­терді назарларыңызға ұсына­тын боламыз.

Музейге келушілерді қызықтыратын жәдігердің бірі – “Фортуна” музыкалық жәшігі. Бұл аспап жиыр­масыншы ғасырдың басында Германияда жасалған. Оны облыстық та­рихи-өлкетану музейі қорына 1976 жылы Мавлютов есімді азамат та­быс еткен. Мамандардың айтуынша, бұл күйсандық әлі күнге дейін жұмыс істейді. Кезінде айтулы мерекелерде, атаулы күндерде аспап қосылып, түрлі әуендер шырқалатын болған. Қазір бұл музыкалық жәшік музейдегі құнды жәдігерлердің бірі саналады.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp