«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰСТАЗДЫҢ ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздік күні қарсаңында “Ama­nat” партиясы мен “Bilim-örkenieti” ұлттық инновациялық ғы­лы­ми-зерттеу орталығының ұйытқы болуымен “Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі” атты рес­публикалық байқау ұйымдастырылған болатын. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық түрлі сала мамандары қатысты. Жеңімпаздар елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен мара­паттау рәсіміне арнайы шақырылып, сый-құрметке бөленді. Олардың қатарында жерлесіміз, Айыртау ау­да­нындағы Саумалкөл қазақ орта мектебінің мұғалімі Ақзейнеп Байтенова да бар. Ол бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған.

– Адал еңбек міндетті түрде ба­ға­ланады. Мен соған сенемін. Ас­та­на төрінде өткен жиыннан ерекше әсер алып келдім. Өзім қызмет етіп жүрген Саумалкөл қазақ орта мекте­бі – екін­ші үйімдей. Аталмыш білім ор­дасын­да шәкірт тәрбиесімен ай­налысуды жан-жүрегімен сүйетін, жас педагог­тарға үлгі боларлық ұс­таздар аз емес, – дейді Ақзейнеп Бай­тенова.

Сабақ барысында түрлі әдіс-тә­сілдерді қолданып, әр оқушының ерекшелігін ескеріп, ынтасын ояту, шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсу – мұғалімнің шеберлігі. Ақзей­неп Байтенова балаларды білім нәрі­мен сусындату барысында осы сын­ды құралдардың барлығын қолда­нуға тырысады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp