«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқ кәсіпкер

Ақерке Дәуренбекқызы

 51651651@soltustikkaz.kz

Өңірдегі “Жарқын-СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы сотталды. Ол ауыл тұрғындарының жер үлесін жалған құжат жасау арқылы банкке кепілге қойып, 600 млн. теңгені қалтасына басқан.

Петропавл қалалық соты серік­тес­тік басшысы М.-ға бір топ адам­мен алдын ала келісім бойынша аса ірі мөлшерде жұрттың дүниесін ұр­лады деген айып таққан.

Сотталушы шаруашылық қаты­су­шы­ларының ортақ жиналысының жалған хаттамасын жасап, сол ар­қылы 777 адамның жер үлесін банк­ке кепілге қойған.

2017 жылдың маусымында қай­тар­майтынын біле тұра 600 млн. тең­ге несие алып, оны керек-жарағына жаратқан. Ал қылмысын жасыру үшін үш жылдан кейін “Жарқын-СК”-ны басқа біреулердің атына ресім­деген.

Прокурор сотталушыға 9 жыл жаза кесуді сұрады. М.-ның кінәсі толық дәлелденді.

Петропавл қалалық соты М.-ны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын қыл­мыстық-атқару жүйесінің орташа қа­уіпсіздік мекемесінде өтейді. Сон­дай-ақ 10 жылға дейін басқарушы­лық және материалдық жауапкер­шілігі бар лауазымдарды қаржылық, коммерциялық ұйымдарда атқара алмайды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp