Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірімізде 22 сәби дүниеге келді. Ата-аналарын шаттыққа бөлеген шақалақтардың он үші – ұл, тоғызы – қыз бала. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл шекесі торсықтай ұлдардың саны басым.
Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Елена Калюжная әрбір ана мен баланың денсаулығы ақхалаттылардың назарында екенін айтты. Сондай-ақ ол 2023 жылдың алғашқы тәулігінде медициналық қызметкерлер кезекшілікті абыроймен атқарып, жұмыста ешқандай қиындық орын алмағанын жеткізді.
– Жаңа жыл күні босанған аналардың көңіл күйлері жаман емес. Алды үйлеріне оралды. Жалпы жыл жақсы басталды. Алда әлі де сүйінші сұрар сәттер көп болады деген үміттеміз, – деді Елена Станиславовна.