«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕНЕП БЕТІНДЕГІ КЕРЕМЕТ ӘЛЕМ

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада әдеби кештерден бөлек, қылқалам иелерінің көрмелері де жиі ұйымдастырылып тұрады. Аталған көрмелерде қызылжарлық суретшілер өз туындыларын паш етіп, қағаз бен бояу арқылы тұрғындарға өнер құдіретін танытады. Бүгінде бұл шаралардың тұрақты келушілері аз емес. Жергілікті суретші Ольга Сушкованың суреттер топтамасы көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

“Бұл әлем неткен керемет” атты көрмеге түрлі табиғат құбылыстарын бейнелейтін туындылар жинақ­та­лыпты. Әр автордың жанына жақын жанры болатыны сияқты Ольга Сушкова табиғат тылсымдарына тіл бітіруді ерекше жақсы көреді. Ел назарына ұсынылған 20 картинадан Қызылжардың қайыңды, қарағайлы даласы, өзен-көлі, еліміздің таутасы, орман-тоғайы, қысы мен жазы бейнеленген. Шығармашылықтан бөлек, ол 11 жыл бойы өзі де шәкірт тәрбиелеп, көркемөнер мектебінде жұмыс істеп келеді. Шараға сурет­шінің әріптестері, қаламдас достары да жиналып, жылы лебіздерін біл­діріп жатты.

– Менің сурет салумен айналысқаныма ширек ғасырдан асты. Бұл көрмеге 2 ай бойы дайындық жүр­гізілді. Суреттерімді көріп, сатып алу­ға ұсыныс білдіретіндер де бар. Әлеу­меттік желідегі оқырмандарым да жариялаған туындыларымды жы­лы қабылдап жатады. Менің сүйікті мезгілім күз болғандықтан, сурет­терді таңдауда да соған басымдық бердім,– дейді суретші.

“Бұл әлем неткен керемет” картиналар көрмесі кітапхана қа­бырғасында қаңтар айының соңын­а дейін жұмыс істемек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp