«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 6, 2023

РИЗАМЫЗ САҒАН, ОҚЫРМАН!

Халық арасында “журналистика – қоғамның барометрі” деген ұғым қалыптасқан. Елің қалай болса, бөркің солай, соңғы уақытта газет-журналдардың таралымының күрт төмендеп кетуі қоғамда оқуға деген құлшыныстың азайғанын аңғартады. Ал, керісінше, кітап оқуға, ғылым мен білімге мықтап бет бұрған кейбір елдерде мерзімді басылым миллиондаған таралыммен шығып жатқанының куәсіміз. Қоғам дегеніміз – сіз бен біз. Демек, әрқайсысымыз өзімізді …

РИЗАМЫЗ САҒАН, ОҚЫРМАН! Read More »

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР — ӨҢІР ИГІЛІГІ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Жиында биыл өнеркәсіп саласында іске асатын жобалар талқыланғаны жайлы өңір басшысы әлеуметтік желіде жазды. Кейін Петропавл қаласындағы зауыттардың жұмысымен танысты. Айдарбек Сейпілұлы 2023 жылы 11 инвестжобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. – 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 25,4 млрд. теңге инвестиция тартылады. …

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР — ӨҢІР ИГІЛІГІ Read More »

Орманға қорған болайық

Барыс жылы өңірімізде өрт­тің көптігімен де есте қалған­дай. Былтыр ормандарда 34 рет өрт шығып, салдарынан 1,4 мың гектарға жуық алқап жа­нып кетті. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пай­далануды реттеу басқармасы­ның мәліметіне сүйенсек, 12 ор­ман шаруашылығы мекемесі мен “Красный бор” жануарлар дү­ниесін қорғау жөніндегі ша­руашылық мамандары қызыл жалынның алдын алуға атса­лысуда. Жалпы өрттің алдын алу – …

Орманға қорған болайық Read More »

Бір күнде – үш көлік апаты

Облыс полицейлері күрделі ауа райы жағдайында жүргізушілерді аса сақ болуға шақырады. Көлік қоз­ғалысы қарқынды “Астана – Петропавл” трассасында бір күннің ішінде үш жол-көлік оқиғасы тіркелді. Таңертең Тайынша ауданының Кременчуг ауылы маңындағы авто­жол­дың 373 шақырымында 38 жас­тағы астаналықтың басқаруындағы “Hyundai Elantra” мен Ақжар ауда­нының 30 жастағы тұрғыны жүргіз­ген “Kiа Rio” автокөліктері соқты­ғысқан. Жол-көлік оқиғасы салда­рынан “Hyundai …

Бір күнде – үш көлік апаты Read More »

“Сырғанақ тебеміз, шынықсын денеміз!”

Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылының тұрғыны Юрий Красно­пер балаларға арнап биік сырғанақ жасады. 74 жастағы зейнеткер биік сыр­ғанақты Бескөлде бесінші жыл қа­тарынан тұрғызып отыр. Ол биыл қыс түсісімен үйінің жанынан ұзын­дығы шамамен 150 метрге жететін сырғанақты ешкімнің көмегінсіз жал­ғыз өзі салыпты. Қазір ол мұндағы қауіпсіздікті өзі қадағалайды әрі сырғанақты қалыпта ұстап, ма­ңайын­дағы қоқысты жинайды. “Балаларым есейіп …

“Сырғанақ тебеміз, шынықсын денеміз!” Read More »

АЛДА ҚАТТЫ АЯЗ

Келесі аптада өңірде күн күрт суытып, сынап бағанасы -40 градусқа дейін төмендемек. Осыған орай құтқарушылар тұрғындарға сақтық шараларын еске салып, алдын ала SMS-хабарламалар жіберіп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынба­сары Мұрат Қанғожиновтің айтуынша, бұл жолы боранды қатты аяз алмастырмақ. Синоптиктердің бол­жамынша, күндіз сынап бағанасы -30-35 градусқа, түнде кей жерлерде -40 градусқа дейін төмендемек. “Қатты …

АЛДА ҚАТТЫ АЯЗ Read More »

КЕНЕП БЕТІНДЕГІ КЕРЕМЕТ ӘЛЕМ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада әдеби кештерден бөлек, қылқалам иелерінің көрмелері де жиі ұйымдастырылып тұрады. Аталған көрмелерде қызылжарлық суретшілер өз туындыларын паш етіп, қағаз бен бояу арқылы тұрғындарға өнер құдіретін танытады. Бүгінде бұл шаралардың тұрақты келушілері аз емес. Жергілікті суретші Ольга Сушкованың суреттер топтамасы көрермендердің жоғары бағасына ие болды. “Бұл әлем неткен керемет” атты көрмеге …

КЕНЕП БЕТІНДЕГІ КЕРЕМЕТ ӘЛЕМ Read More »