“Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамы №105/106 Алматы – Петропавл жүрдек пойызының жүру жиілігіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады.
2023 жылдың 14 қаңтары мен 6 наурызы аралығында тасымал жиілігі өзгереді. Пойыз бұрын күн сайын жүретін болса, енді күнара қатынайды. Бұған “Тальго” жүрдек пойызындағы жөндеу жұмыстары себеп болған.
“Тальго” жүрдек пойызының қатынау жиілігі мынадай болады:
– Алматыдан қаңтар айында тақ күндері, ақпан/наурызда жұп күндері жүреді.
– Петропавлдан қаңтарда – жұп, ақпан/наурызда – тақ күндері жүреді.
“Тоқтатылған рейстерге жол жүру құжатын бұрын рәсімдеген жолаушыларға жолаушыларды, багажды, жүкті және темір жол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес билет құны толық қайтарылады. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздық туындағаны үшін кешірім сұрайды”, – делінген “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамы таратқан хабарламада.
Әсет ҚАНАФИН.